» » » Астанада 90-шы жылдардағы әншілердің концерті өтеді

Астанада 90-шы жылдардағы әншілердің концерті өтеді



Елорданың 20 жылдығы аясында Астанада 90-шы жылдардағы жұлдыздардың қатысуымен «I LOVE ASTANA, I LOVE 90’s» атты концерт өтеді. Сүйікті әуендер кеші Амфитеатр сахнасында 9 тамыз күні сағат 19:00-де басталады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Ашық аспан астында белгілі музыкалық ұжымдар мен танымал орындаушылар өз өнерін паш етеді. «Стрелки», «Вирус» және «ALL Davay» топтары, сондай-ақ Карина Кокс («Сливки» тобы) өздерінің таңдаулы әндерін ұсынады. Кеш қонағы – әлемге танымал «Ace of Base» тобының солисі Дженни Берггрен (Jenny Berggren) болмақ.

Астана тұрғындары мен қала қонақтары сүйікті әуендерін тыңдап, 90-шы жылдар атмосферасындағы шоудың куәсі болады. Сонымен қатар, мәдени шара қонақтарына арналған басқа да қызықты тосынсыйлар жоспарланған.
Билеттер BiletiAstana.kz сайтында сатылады.






02 тамыз 2018 ж. 763 0