» » » Мұрат Мұтырғанов ұлты орыс әйелі туралы: Жұбайымның қазақылығы менен басым

Мұрат Мұтырғанов ұлты орыс әйелі туралы: Жұбайымның қазақылығы менен басым

Цирк артисі Мұрат Мұтырғанов 2014 жылы орыс ұлтынан қыз алып, Әсел есімді арумен шаңырақ көтерген еді. Бүгінде олар 3 жасар ұлы Майклды тәрбиелеп отыр.

ЦиÑк аÑÑиÑÑ ÐÒ±ÑÐ°Ñ ÐÒ±ÑÑÑÒанов екÑнÑÑ Ð±Ð°Ð»Ð°ÑÑна ЧаÑли ЧаплиннÑÒ£ еÑÑмÑн беÑгÑÑÑ ÐºÐµÐ»ÐµÑÑнÑн айÑÑÑ

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz жазады.

Мұтырғановтың сөзінше, әйелі орыс ұлтынан болғанымен, қазақылығы басым көрінеді.
«Мен – қазақпын. Ал әйелім Әсель – орыс ұлтынан. Алайда оның қазақылығы менен басым сияқты. Ол салт-дәстүрді біледі, қазақ тілін де менен жақсы меңгерген. Сонымен қатар етті дәмді етіп әзірлейді», – дейді Мұрат Мұтырғанов.

Артистің сөзінше, ол ұлының есімін әйгілі әнші Майкл Джексонның құрметіне қойған.
«Ұлым 3 жаста. Оның есімін Майкл Джексонның құрметіне қойдым. Мен оның фанатымын. Ұлымның әкем салып берген жолдан таймағанын, циркті жақсы көріп, артист болғанын қалаймын», – дейді ол.

Өз сөзінде Мұтырғанов екінші перзенті дүниеге келгенде, оған да танымал тұлғаның есімін бергісі келетінін жасырмады.
«Екінші балам ұл болса, есімін Чарли Чаплиннің құрметіне қойғым келеді», – дейді Мұрат Мұтырғанов.
Сондай-ақ, Мұтырғанов балалармен көп уақыт өткізуге кеңес берді.
«
Әр ата-ананың өз мақсаты бар. Бірі баласының музыкант болғанын, бірі дәрігер болғанын қалады. Ғаламшардағы барлық бала – дарынды. Бастысы – оған қысым жасамай, дарынын анықтап, байқай алу. Баламен көп уақыт өткізіп, сөйлесу керек», – дейді артист.


Stan.kz

06 тамыз 2018 ж. 647 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930