» » » Еліміздегі ең жас композитор жетім балаларға арнап шығарма жазды

Еліміздегі ең жас композитор жетім балаларға арнап шығарма жазды



Қазақстандағы ең жас дарынды композитор Нұрәлі Бейсеқожа жетім балаларға арнап «Сыйлайық өмір сәбиге» атты шығарма жазды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Бейсеқожа Нұрәлі Саттарұлы 17.12.2005 жылы Алматы қаласында туылған. 4 жасынан бастап пианинода ойнай бастады. 6 жасында алғашқы шығармаларын дүниеге алып келді. 2012 жылы Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық Қазақ мамандырылған музыка мектеп – интернатының 1-сыныбына оқуға түседі. Мамандығы скрипкашы, екінші аспабы – пианино. Халықаралық және Республикалық байқаулардың жеңімпазы, соның ішінде Республикалық «Гамманы шебер орындау», «Пьесаны шебер орндау» байқауларының 1-орын иегері, Music Star байқауының жеңімпазы, Қазақстан Республикасының композиторлары одағының басшысы Балнұр Қыдырбекқызының марапаттауымен «Қазақстандағы ең жас композиторы» дипломының иегері.
Қазіргі таңда 20-ға жуық шығармалардың авторы, соның ішінде «Анашым», «Балалық шақ», «Қазақ вальсі», «Аққан жұлдыз» (Денис Тенге арналған) және т.б. туындылары бар.
07 тамыз 2018 ж. 807 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930