Жанар Айжанованың қызы 5 жасында 70 жастағы қариямен дос болғанын айтты
Танымал әнші Жанар Айжанованың қызы, актриса Айжұлдыз Адайбек кішкентай кезінен көп ешкіммен дос болмағанын мойындады. Алайда ол 5 жасында 70 жастағы қариямен тіл табысып, дос болыпты, деп жазады Stan.kz.
Бұл туралы Айжұлдыз Instagram желісіндегі парақшасында айтып берді.
Жанар Айжанованың тұла бойы тұңғышы әрі жалғыз қызы Айжұлдыз Адайбектің сөзінше, ол бала күнінен ойын ойнағаннан гөрі, айға қарап, армандауды ұнатқан.
«Шындығында мен селфи жасағанды, көйлек кигенді, үнемі сұлулық салонына барып, бет әрлеуге уақыт жұмсап, биік өкшелі аяқ киім кигенді ұнатпаймын.
Бала күнімен қуыршақ ойнамайтынмын. Оның орнына айға қарап, ұшуды армандайтын едім. Өзімнің алғашқы өлеңімді, музыкамды және оқиғамды жаздым. Қырсық болдым, анамды тыңдамайтынмын. Көп ешкіммен дос болған емеспін.
5 жасар кезімде 70 жастағы қариямен дос болдым. Ол маған қызықты оқиғалар айтып беріп, өз ойымен бөлісетін», – дейді ол.
Өз сөзінде Айжұлдыз адамдарға жүрек үнін тыңдауға кеңес берді.

«Бүгінде менің айналамдағы адамдар біртүрлі әрі ерекше. Мен оларды шынымен де жақсы көремін.
Бәлкім мен өз ойымды дұрыс жеткізе алмайтын болармын. Алайда ол – бәрі-бір менің ойым, менің ішкі даусым.
Әрқашан өз жаныңды тыңда, бар кезіңде, тыныстай алатын кезіңде армандарыңды орында», – дейді Айжұлдыз Адайбек.
Stan.kz

Пікір 2