» » Айгүл Иманбаева өзінің “лунатик” екенін мойындады

Айгүл Иманбаева өзінің “лунатик” екенін мойындады


Айгүл Иманбаева алғаш рет бойындағы ерекшілігі жайлы сыр шертті. Актриса өзінің “айкезбе” (лунатик) екенін мойындады. Иманбаева осы ерекшілігінің салдарынан бала күнінде талай қиындық көрген.

Бұл туралы Айгүл Иманбаева 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
“Мен ұйқысырайтын адаммын. Түнде жүремін, бөлмеден шығып кетемін, басқаша айтқанда “лунатикпін”. Бұл құпияны білетін менің директорым Жазира. Сол себепті мен ешкіммен бір бөлмеде болмауға тырысамын. Өйткені мен біреуді шошытып алуым мүмкін. Бала кезімізде ұйықтаған кезде сулы шүберек төсейтінбіз. кішкентай кезімде шығып кетсем, анам “бісімілләсін” айтып, оятпай әкеліп жатқызатын. Әлі де сондай жағдайым бар. Сол себепті қыздармен бір бөлмеде болмауға тырысамын”, – дейді Иманбаева.
Актриса осы ерекшелігінің салдарынан шетелге де құрбыларымен саяхаттамайды екен. Актриса бұл ерекшелігінің қашан және қалай пайда болғанын білмейді.
“Директорым Жазираның өзі бір күні қасымда ұйықтаймын деп қашып кеткен. Тіпті, үйде қасымда ешкім болмай қалған күннің өзінде мен есікті құлттап, кілтімді гардеробтың ішіне лақтырып, тығып жатамын. Ең болмағанда, далаға шығып кетпейін деп… Бала кезімде далаға шығып кету, қардың үстінде жүріп кету, қоршаудан шығып кету деген сияқты дүниелер болған. Біреуге қорқынышты көрінер, өзім үшін үйреншікті жағдай”, – дейді Иманбаева.
Бұдан өзге, актриса ара-тұра молдаға дем салдырып тұратынын, сол шақта “айкезбелік” қасиеті басылып қалатынын атап өтті. Бір қызығы, актриса түн ішінде бөлме кезіп жүретінін өзі білмейді. Себебі жылдар бойы қайталанып келе жатқан бұл құбылыс кезінде Иманбаева оянып көрмеген.
“Оянса, жүрегі жарылады деп естимін”, – дейді Иманбаева.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.



Stan.kz

30 шілде 2018 ж. 1 024 0