» » » Сыр аспанын ән тербеді

Сыр аспанын ән тербеді


ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Астананың 20 жылдық мерейтойына орай «Ән мен әнші Ұлы Дала Астаналарында» жобасы аясында Қазақстанның эстрада жұлдыздары еліміздің көне астаналарын аралап, концерттік бағдарламаларын ұсынуда.
Қазақ сахнасының жауһарлары Р.Рымбаева, М.Жүнісова, Ұ.Жолдасов, Г.Оразымбетова, Д.Таңатаров, А.Иманбаева, Жазира мен Жанболат, «Қоңыр тобы», М.Әуелбекова, Ж.Жексенұлы, Е.Есмахан және басқа да өнерпаздар Сыр еліндегі сапарды тарихи орындарды аралаудан бастады. Б.Шөкенов атындағы саябаққа барды. Осы күні сахна саңлақтары орталық алаңда жиналған Сыр жұртшылығына әсем ән мен көңілді кеш сыйлады.
 Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Иманбаева: «Қазақ елінің қай өңірі болсын рухани қазынаға бай. Десе де, Қызылорданың орны ерекше. Еліміздің алғашқы астанасы болған, жырдың елі қашанда  алдыңғы шепте тұратыны анық. Бұл аймақ – жыршы-жыраулар мен сүлейлер отаны. Тіпті, театр өнері де бастауын Сырдан алған», – деді.
Байқағанымыздай, концертке жиналған халықтың қарасы көп болды. Сахнаға шыққан әр әншіге жанкүйер жұрт ерекше қошеметін білдірді.

Маржан ӘШІРАПБАЕВА,
ҚМУ студенті,
Н.Нұржаубай (сурет).
http://www.syrboyi.kz
25 маусым 2018 ж. 899 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930