» » » Ақан Сатаев Томиристің бала кезін сомдайтын актриса іздестіруде

Ақан Сатаев Томиристің бала кезін сомдайтын актриса іздестіруде


Жуырда режиссер Ақан Сатаев тарихи кинокартинаның түсіріліміне кіріспек. Таяуда кинорежиссер Томиристің рөлін сомдайтын актрисаны жұртқа таныстырған еді. Енді Сатаев сақ патшайымының бала кезін сомдайтын актриса іздестіруде, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.


“Достар, кеше “Қазақфильм” киностудиясында “Томирис” кинокартинасына арналған үлкен жиналыс өтті. Оған жобаның бас продюсері Әлия Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның өзі қатысты. Біз фильм түсірілімін бүге-шүгесіне дейін талқыладық. Барлығы керемет өтті”, – деп бөлісті режиссер.
Сондай-ақ, Сатаев “Томирис” фильмінің бала кезін сомдайтын актриса іздестіріп жатқанын хабарлады.
“Екі күн ішінде Томиристің бала кезін сомдауға 5000 үміткердің суреті келіп түсті. Оның ішінде өзімнің туыстарым, таныстарым, достарымның қыздары бар. Айта кетейін, актрисаны таңдау жұмысы ұжыммен ақылдаса отырып шешіледі. Нәтижесін міндетті түрде хабарлайтын боламыз. Түсіністік танытып, қолдау білдіріп жатқандарға үлкен рақмет”, – деп хабарлады ол.


http://stan.kz
23 ақпан 2018 ж. 1 447 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 648

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31