» » «Алтын глобус 2018» жеңімпаздары анықталды

«Алтын глобус 2018» жеңімпаздары анықталды


Бүгін Лос-Анджелесте Голливудтың шетелдік баспасөз ассоциациясы (HFPA) тағайындайтын дәстүрлі «Алтын глобус» киносыйлығын табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.


Марапаттау рәсімі «Беверли-Хилтон» қонақ үйінде ұйымдастырылды.
Кино саласының жеңімпаздары:

Үздік драма: «Three Billboards Outside Ebbing, Missouri»
Үздік комедия немесе мюзикл: «Lady Bird»
Үздік актер (драма): Гари Олдман, «Darkest Hour»
Үздік актриса (драма): Фрэнсис МакДорманд, «Three Billboards Outside Ebbing, Missouri»
Үздік актер (комедия немесе мюзикл): Джеймс Франко, «The Disaster Artist»
Үздік актриса (комедия немесе мюзикл): Сирша Ронан, «Леди Берд»




«Коконың құпиясы» ең үздік мультипликациялық фильм деп танылды.

Сондай-ақ, ең үздік анимациялық туындылардың қатарына «Босс-молокосос», «Фердинанд», «Добытчица» және «Ван Гог. Махаббатпен Винсент» толықметражды анимациялық фильмдері енді.

Шет тіліндегі үздік фильм: «Aus dem Nichts», Германия, Франция

Екінші пландағы үздік актер: Сэм Рокуэлл, «Three Billboards Outside Ebbing, Missouri»

Екінші пландағы үздік актриса: Эллисон Дженни, «I, Tonya»

Үздік режиссер: Гильермо Дель Торо, «The Shape of Water»

Үздік сценарий: Мартин МакДона, «Three Billboards Outside Ebbing, Missouri»

Үздік ән: Александр Депла, «The Shape of Water» фильмі

Үздік музыка: «This Is Me», «The Greatest Showman» фильмі




Handmaid's Tale»

Телевидение саласының жеңімпаздары:

Үздік драма сериалы: «The Handmaid's Tale»

Үздік актер (драма): Стерлинг К. Браун, «This Is Us»

Үздік актриса (драма): Элизабет Мосс, «The Handmaid's Tale»

Үздік сериал (комедия немесе мюзикл): «The Marvelous Mrs. Maisel»

Үздік актер (комедия немесе мюзикл): Азиз Ансари, «Master of None»

Үздік актриса (комедия немесе мюзикл): Рэйчел Броснахэн, «The Marvelous Mrs. Maisel»

Үздік мини-сериал немесе телефильм: «Big Little Lies»

Мини-сериалдың немесе телефильмнің үздік актері: Юэн МакГрегор, «Fargo»

Мини-сериалдың немесе телефильмнің үздік актрисасы: Николь Кидман, «Big Little Lies»

Телефильмдегі немесе мини-сериалда екінші пландағы үздік актер: Александр Скарсгард, «Big Little Lies»

Телефильмдегі немесе мини-сериалда екінші пландағы үздік актриса: Лора Дерн, «Big Little Lies»

Сесил Блаунт Демилль атындағы құрметті марапат Опра Уинфриге бұйырды. Салтанатты кешті комик Сет Майерс жүргізді.

Айта кетейік, «Алтын глобус» жыл сайын Голливудта аккредиттелген шетелдік журналистер қауымдастығы тағайындайтын, атақ жағынан «Оскарға» ғана жол беретін сыйлық. Ол үздік кинематография мен телебағдарламаларды қамтитын 25 санат бойынша беріледі. «Алтын глобус» марапаттау рәсімі 1945 жылдан бері табысталып келеді.
08 қаңтар 2018 ж. 995 0