» » Голливудтың ең кәрі актрисасы 106 жасында қайтыс болды

Голливудтың ең кәрі актрисасы 106 жасында қайтыс болды


Америкалық актриса Конни Сойер 106 жасқа қараған шағында қайтыс болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі TMZ-ға сілтеме жасап.

Сойер Лос-Анджелесте көз жұмған. Актриса 1912 жылы Румыниядан шыққан еврей мигрантының отбасында дүниеге келген.
Ол 1959 жылы Фрэнк Синатра және Эдвард Г.Робинсонмен бірге Фрэнк Капрдың «Дыра в голове» (A Hole in the Head, 1959) комедиялық фильміне түскен.
2012 жылы 99 жасында америкалық Кинемотографиялық өнер және ғылым академиясының ең кәрі мүшесі атанған.
2013 жылы «Рэй Донован» ( Ray Donovan) драмасындағы мисс Салливан рөлі оның ең соңғы түскен фильмі болды.
23 қаңтар 2018 ж. 858 0