» » Полицейлер 2017 жылы 1000 адамды атып өлтірген

Полицейлер 2017 жылы 1000 адамды атып өлтірген


Батыстың басқа дамыған мемлекеттеріне қарағанда, АҚШ полицейлері қылмыскерлерді қолға түсіру барысында жиі қару пайдаланады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2017 жылы АҚШ полицейлері мыңға жуық адамға оқ атқан, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі dw.com сайтына сілтеме жасап.

2017 жылы америкалық полицейлердің оғынан 987 адам қаза тапты. Өткен жылмен салыстырғанда өлім жағдайы 24 есе көп тіркелген. Ал 2015 жылы полицейлер оғынан ажал құшқандар саны 995-ке жетті. ФТБ мәліметіне сәйкес, 2017 жылы 46 полицей қызметтік міндеттерін орындап жүріп қайтыс болған.

АҚШ тұрғындарының 6%-ы ғана афроамерикалықтар екеніне қарамастан, олардың 22%-ы полицейлер қолынан қаза тапқан. Мұнымен қатар, ажал құшқандардың 19-ы қарусыз болған.

2016 жылы қарусыздар саны 17, 2015 жылы 35 болды. Полицейлердің афроамерикалықтарды жәбірлеуіне байланысты қарсылық акциялары да бірнеше мәрте өтті.
09 қаңтар 2018 ж. 1 249 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 397

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031