Нұртас Адамбай Головкин жайлы фильмнің жоспарымен бөлісті
Осыдан бірнеше ай бұрын Головкиннің пиар-менеджеріне хат жолдағанын айтып, «GGG» жайлы картина таспалауды көздеген Нұртас Адамбай, тың ақпаратпен бөлісті. Сонымен, отандық режиссердың ұсынысын әйгілі боксшының командасы қабыл алды ма?!
Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.
“Пиар-менеджері біздің ұсынысымызды Геннадийге жеткізетінін айтқан болатын. Бірақ біз нақты ресми жауапты күтпедік. Өйткені, ортақ таныстарымыздан естуімізше, Головкиннің командасы кино тақырыбына қатысты жобаларға, уақытының тапшы екенін айтқан. Бірақ, кәсіби бокстағы мансабын аяқтағаннан кейін, міндетті түрде қолға алатын болыпты”, – дейді Адамбай.
Адамбаевтың айтуынша, «GGG”-дің өмірін суреттейтін картина, оның режиссерлық жұмысындағы ауқымды жобалардың бірі болмақ. Тіпті, былғары қолғап шебері жайлы фильмге, мемлекет тарапынан да қолдау керектігін жақсы түсінеді. Бір қызығы, Нұртас бұл кинотуындыда Генаның актерлық қырын көпшілікке танытуға ниетті екен.
“Егер, біздің ұсынысты қабыл алған жағдайда, Головкиннің рөлін чемпионның өзі сомдайтын болады. Ал, боксшының бала кезі мен жастық шағын ойнайтын кейіпкерлерді, әрине Генаға түр келбеті ұқсайтын, спортқа икемі бар талантты жастарды, кастинг арқылы таңдайтын едік”, – дейді Нұртас Адамбай.
Бүгінде Нұртастың ойында тың идеялар тұнып тұр. Режиссерлық шеберлігі мұқалмаса, аты әлемге мәшһүр боксшымыздың тек шаршы алаңдағы шеберлігін паш етумен шектеліп қалмайтынын айтады.
“Генаның көпшілікке беймәлім тұстары қызық болар еді. Мәселен, бала кезде аулада өзін қалай ұстады, «көшедегі төбелестерін» көрсетер едік. «Спортқа деген құштарлығы қашан оянды? Бокс залына жетектеп апарған кім» – деген сияқты сауалдарға жауап іздейтін боламыз. Содан кейін, міндетті түрде спорттағы жарқын жеңістерін қосамыз”, – дейді Нұртас.
Бұл Нұртастың болашаққа құрған жоспары ғана. Адамбаев дәл қазір кезекті картинасына саундтрек жаздыруда. «Я жених» деп аталатын комедияда, әріптесінің өтінішін орындау мақсатында, қыздың ата-анасымен болашақ «күйеу бала» ретінде танысуға мәжбүр болған жігіттің өмірі баяндалады.

http://stan.kz