» » » Серік Ибрагимов жаңа бейнебаянын түсіру үшін базар аралап жүр

Серік Ибрагимов жаңа бейнебаянын түсіру үшін базар аралап жүр

СеÑÑк ÐбÑагимов жаңа бейнебаÑнÑн ÑÒ¯ÑÑÑÑ Ò¯ÑÑн Ð±Ð°Ð·Ð°Ñ Ð°Ñалап Ð¶Ò¯Ñ (видео)

Әнші Серік Ибрагимов жаңа әніне бейнебаян түсіру жұмысына кірісіп кеткен. Осы мақсатта әнші Қызылордадағы базарлардың біріне барып, тұрғындармен суретке түсті, деп жазады Stan.kz.


Белгілі болғандай, Ибрагимов туған жеріне арнап «Сыр елім» әніне бейнебаян түсірмек.
«Бүгінгі күн керемет болды. Базарға барып, апаларыммен суретке түсіп, біраз көңіл көтеріп қайттық. Алла бұйыртса. Туған жеріме арналған Әл-Фараби Бекарысұлы бауырымның сөзіне жазылған «Сыр елім» атты әніме бейнебаян түсіргелі жатырмыз», – деп әнші Instagram желісіндегі парақшасында жаңалығымен бөлісті.

Өз кезегінде желі қолданушылары әншінің қарапайымдылығына тәнті болды. Пікір қалдырушылардың дені Ибрагимовке сәттілік тілеп, еңбегінің табысты болуын тілесіп жатыр.
«Серік өте қарапайым бала. Амандығыңды тілеймін», «Жаңа бейнебаяныңа сәттілік. Хит болады деп сенемін», «Қазақтың сендей әншілері көбейсін. Қарапайым, өзін жұлдыз санамайтын, базарда емін-еркін жүретініңе ризамын. Жұлдызың жансын!» – дейді пікір қалдырушылар.



Stan.kz

08 тамыз 2018 ж. 966 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 072

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031