» » » Сүйкіміңді кетірме: Танымал журналист басы дауға қалған Салтанат Бақаеваның өтірігін әшкереледі (видео)

Сүйкіміңді кетірме: Танымал журналист басы дауға қалған Салтанат Бақаеваның өтірігін әшкереледі (видео)

СүйкÑмÑÒ£Ð´Ñ ÐºÐµÑÑÑме: ÐÑÑналиÑÑ ÐибÑгүл ÐÓÑлеÑбекÒÑÐ·Ñ Ð±Ð°ÑÑ Ð´Ð°ÑÒа ÒалÒан СалÑÐ°Ð½Ð°Ñ ÐаÒаеванÑÒ£ Ó©ÑÑÑÑгÑн ÓÑкеÑÐµÐ»ÐµÐ´Ñ (видео)

Эстрадада айтылып жүрген 100-ден аса әннің авторы Назерке Семей әнші Салтанат Бақаеваға ренішін жеткізіп, бір тиын алмағанын айтқан еді. Алайда Бақаева ел алдында ақталып, ақынмен келіскенін айтқан-ды. Десе де ол өзінің орындауындағы «Әгугәй, құрбым» әнінің авторынан кешірім сұрамаған, тіптен өзіне дүрсе қойыпты, деп жазады Stan.kz.

Бұл туралы журналист Бибігүл Дәулетбекқызы Instagram-парақшасында айтты.
Тележүргізушінің сөзінше, жас ақын Назерке Семей Салтанат Бақаеваға ренішін айтқаннан кейін, артынша әнші қоңырау шалыпты. Өз кезегінде ақын Бақаеваның сөздерін жазып алған.
«Он жеті минут сөйлескен әңгімеден әншінің бір рет болса да кешірім сұраған сөзін ести алмадым. Өкінішті. Керісінше ақын қызға сөз бермей, шүйлігуде. Ол ол ма, «Инстаграм» парақшасына өзін ақтап, Назеркені даттаған жазбасын салды. Оқырмандар жас ақын қыздың жер-жебіріне жетіп пікірлерін қалдырған. “Байғұс көніп, бетпақ жеңдім” дегені ме бұл сондағысы?!
Жә, өзара шешсін деуге де болатын еді. Егер Салтанат Бақаева: “Назерке, кешірші… Сен арқылы нанымды тауып, еліме сыйым артуда” деп жатса? Жо-оқ…Керісінше…
“Мен арқылы өзіңе хайп жасап жатырмысың, а?!”, “Мені көре алмайсың…”, – деген. Несін көре алмайды екен? Осы әншілер қызық. Ол -әнші. Назерке – ақын емес пе? “Саған пиар керек болып тұр. Мен арқылы танылғың келіп жүргендердің біреуісің!” – дей келе, ақын қыздың сөзін аяғына дейін естімей, телефон тұтқасын лақтыра салады», – дейді Дәулетбекқызы.
Өз сөзінде журналист Бақаеваның өтіріктерінің бетін ашып, әшкерелеп берді.
«Ау, Салтанат! Этика қайда?! Сенің өтірігің баттиып шығуда.
Біріншіден, “Мен композитор Ерханға “Әгугәй”-дің қаламақысын төледім” депсің. Ал, Ерхан інішек: “Маған ешкім қаламақы берген жоқ”, – дейді. Кімге сенеміз? Екі адам қаламақысын алмағанын айтуда. Ақын және сазгер.
Екіншіден, “Әдемі-ай” әнін жазар кезде ақшам болмады” депсің. Қалайша болмады?! Сенің бір тойға емес, «Инстаграмдағы» парақшаңда елуден аса тойың жүр. Барлығы “Әгугәй” әнінің арқасы. Сол ән арқылы қалтаңды қалыңдаттың. Оны сен тегін жүргізбейсің. Солай ма? Тере берсең көп нәрсе шығайын деп тұр», – деп жалғастырды журналист.
Өз сөзінде Дәулетбекқызы әншіге ақша құнықпауға кеңес берді. Сүйкіміңді кетірме, дейді ол.
«Егер осы ақын мен сазгер болмағанда, дәл бүгін сен отбасыңмен Мысырда жүрмеген болар ма едің, кім білсін?! Түс жерге айналайын, түсе ғой… Жерде де әдемі қарапайым халық бар. Жап-жас болып құнықпа ақшаға! Сүйкіміңді кетірме.
Талай әншілерді көрдік. Көріп те келеміз. Жарқыраған жұлдыздай болып, демнің арасында сөніп кеткенін. Сол әншілер қайта тұруға аяқтары дірілдеп тұра алмай да жатыр. Бәлкім, біреудің назасына да қалған болар солар, шайтан біліп пе?! Халық – көтереді. Керек десең демнің арасында жерге түсіріп жібереді», – дейді ол.

Кешегі жазбадан кейін әншілерге өлеңнің мәтінін жазып беріп жүрген ақындарымыз да ышқына жазуда. Енді олардың пікірлерін оқысаңыз, жүрегіңіз ауырып кетеді», – дейді Бибігүл Дәулетбекқызы.

Айта кетсек, қыз ұзату тойларында хитке айналған “Әгугәй, құрбым” әнінің авторы Назерке Семей әнші Салтанат Бақаеваға ренішін жеткізіп, өз  еңбегі үшін бір тиын да бермегенін айтқан еді. Артынша Бақаева жас ақынға жауап беріп, Назеркенің әрекеті үшін өзі ұялғанын айтты.



Stan.kz

10 тамыз 2018 ж. 687 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930