» » » Елімізде әншілердің орындауындағы әндері мен сахнадағы жүріс-тұрысы бақылауға алынуы мүмкін

Елімізде әншілердің орындауындағы әндері мен сахнадағы жүріс-тұрысы бақылауға алынуы мүмкін

ÐлÑмÑзде ÓнÑÑлеÑдÑÒ£ оÑÑндаÑÑндаÒÑ ÓндеÑÑ Ð¼ÐµÐ½ ÑаÑнадаÒÑ Ð¶Ò¯ÑÑÑ-ÑÒ±ÑÑÑÑ Ð±Ð°ÒÑлаÑÒа алÑнÑÑ Ð¼Ò¯Ð¼ÐºÑн

Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігі хайп қуамыз деп мән-мағынасыз әндерге жол беретін әншілерге тосқауыл қоймақ. Яғни, қазіргі уақытта қарастырылып жатқан заң жобасы бойынша әннің мәтіні тексерілмегенімен, әнші концертке рұқсатнама алар кезде әндері көркемдік кеңесте қаралатын болады.


Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
Мәдениет және спорт министрінің заң қызметі департаментінің директоры Күміс Қарсақбайқызының айтуынша, мұндай заң аталғаны саланы жүйелеп, көрермендерге биік тұрғыдағы концерттердің ұсынылуына жол ашады.
Сондай-ақ, мұндай заң жобасының қарастырылуына әншілердің сахнадағы ерсі әрекеттері себеп болыпты.
«Министрлікке шағым түсіп жатыр. Мінез құлқына қатысты, фонограмманы қолдануына қатысты, көркемдік деңгейіне қатысты. Осы мәселелерді шешу мақсатында бүгінгі күні мәдениет заңына байланысты өзгерістер енгізуді көздеп отырмыз», – дейді Күміс Қарсақбайқызы.
Сонымен қатар министрлік өкілі мұндай заң келесі жылы қабылданатын болса, әншілердің деңгейі мен әндерінің сапасы да көтеруге мүмкіндік пайда болады. Ұлыбритания, Малайзия, Үндістан тәрізді мемлекеттерде бұған дейін осындай заң қабылданып, нәтижесін көрсеткен. Ендігі Қазақстан да осы мемлекеттердің тәжірибесін байқап көрмек.
Десе де әнші Меруерт Түсіпбаева министрліктің жаңа заң жобасын қолдамай отыр.
“Жалаңаш немесе сырға тағып шықса, жігіттердің кесірінен ешкім өліп қалмады. Көрермен талып қалды деп, не марқұм болып қалды деп естіген жоқпын”, – дейді әнші Меруерт Түсіпбаева.
Меруерттің айтуынша, аталған заң қабылданса да, фонограмманы түбегейлі жою мүмкін емес. Себебі әншілердің жанды дауыста өтеді делінетін жеке кештерінің 60 пайызы фонограмманың көмегімен өтетін көрінеді. Оған Меруерттің өзі де куә болған.
«Бір әнші бар атын атамай-ақ қояйын. Республика Сарайында Астанада, Алматыда жылына 3-4 рет концерт береді. Сол концерттерінде лық толы зал. Мен ойлаймын, көрермен сезбейді емес, сезеді. Қазір біздің көрерменнің талғамы бар. Құлағы естиді, мүкістігі жоқ. Фонограммамен айтты ма, айтпады ма бәрі-бір. Оны халық жақсы көреді. Оның концертіне барады. Сұраныс бар», – дейді әнші.
Десе де келесі жылы қабылдануы мүмкін деп жоспарланып отырған заң жобасының артық-кем тұстары әлі қарастырылатын болады.

Stan.kz

13 тамыз 2018 ж. 858 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930