«Махаббат бекетінің» режиссері: Баян, егер сен басқа фильм түсіріп жатсаң, мені не үшін іздедің?
«Тағдыр бекеті» фильмін түсіремін деп басы дауға қалған Баян Алагөзова бұған дейін ештеңе ұрламағанын айтып, «Махаббат бекеті» фильмінің режиссері Талғат Теменовке жауап берді. Алайда олардың арасындағы дау мұнымен бітпеген сыңайлы. Өз кезегінде Теменов аталған мәселені шешу үшін заңгерлерді қосуы мүмкін екенін ескертті.
Бұл туралы «Қазақ үні» порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.Теменовтың айтуынша, Баян Алагөзова бірер жыл пышақ жарақатын алып, ауруханадан емделіп шыққаннан кейін өзіне хабарласып, отандық кино әлемін дүр сілкіндіретін дүние жасауды ұсынған.
«Мен әлеуметтік желілерде тіркелмегендіктен, сенің маған қарата айтақыңды журналистерден білдім. Егер есіңде болса, сен ауруханадан шыққаннан кейін маған қоңырау шалған едің. Сол кезде тезірек сауығып кетуіңді тіледім. Сонда сен маған «Махаббат бекеті» фильмінің жалғасын түсіріп, «бомба» жасауды ұсындың. Мұнан кейін көктемде маған фильмнің жалғасы туралы хабарлама жібердің. Бұл кезде мен біздің театр сахнасында «Оттелоны» қойып жатқан едім. Және саған заң туралы, ол үшін біздің заңгерлеріміз керек екенін айттым. Оның үстіне «Махаббат бекеті» фильмінің сценарий менің 1980 жылдары жазған авторлық повесімнің желісінің негізінде түсірілген. Сол уақыттан бері біз хабар алмаспадық және көрсіпедік (ал екеуіміздің көріспегенімізге 20 жылдан асты). Сен тек менің көмекшіммен сөйлестің», – дейді Теменов.
Өз сөзінде режиссер Баян Алагөзованың өзіне сауал жолдап, «Махаббат бекеті» фильміне қатысы жоқ дүние түсіріп жатса, өзін не үшін хабарласқанын сұрады.
«Егер сен басқа фильм түсіріп жатқан болсаң, мені не үшін іздедің? Және неліктен кейіпкерлерді Орал, Гүлназ, Жеңіс деп атадың? Бұл менің фильмімнің және повесімнің кейіпкерлерінің есімдері», – дейді ол.
Сондай-ақ, Теменов өз сөзін бұрынғы студентіне ескерту жасаумен тәмамдады.
«Егер фильмнің жалғасын немесе «Махаббат бекетіне» ұқсас дүниені түсірсең, мұндай жағдайда заңгерлерді қосуым мүмкін», – дейді режиссер Талғат Теменов.
Естеріңізге сала кетсек, “Махаббат бекеті” фильмінің режиссері Талғат Теменов фильмнің жалғасын түсіріп жатқан Баян Алагөзоваға ренішін айтқан еді. Мұнан кейін Баян Мақсатқызы режиссерге жауап беріп, “ештеңе ұрламағанын” айтты. Мұнан кейін Алагөзова тиісті органдарға шағымданып, Теменовті жауапкершілікке тарта алатынын мәлімдеді.
Stan.kz