» » » Хитке айналған “Қайда” әнінің авторы бастапқыда Еркеге әнін сатқысы келмей, басын ала қашқан

Хитке айналған “Қайда” әнінің авторы бастапқыда Еркеге әнін сатқысы келмей, басын ала қашқан

Ерке Есмаханның жеңіл әрі ырғақты «Қайда» әні тыңдармандар назарына ұсынылған бойда хитке айналды. Бүгінде YouTube желісінде 73 миллионнан астам рет қаралған бейнебаян бір жылдан аса уақыт бұрын жарық көрсе де, көрерменін жоғалтпаған. Десе де Еркенің танымалдығын үдете түскен әннің шығу тарихын көпшілік біле бермейді, деп жазады Stan.kz.


Ерке Есмаханның аталған әнінің шығу тарихы туралы сөз еткен журналист Бекжігіт Сердәлі ән тарихын авторы, жас сазгер Диана Ысмайылованың өз аузынан есіткен екен.

«Диананың айтуынша, ән 2000 жылы 9-сыныпта оқып жүргенінде туған. Біртоға, оңашалықты қалайтын қыз бала алғашқы сезімдері туралы қызыға айта бастаған сыныптас құрбыларына сырттай қарай отырып, көкейіне әлдебір әуенді ұялатады. Сосын алғашқы шумағын жазып, өзі оңашада ыңылдап айтып жүреді.
Ауыл менен қала, көше менен дала,
Сені іздедім мен, сені ғана.
Ауыл менен қала, галактикада ма,
Тілегің іздемей табыла ма?
Бұрын-соңды шумақ жазып жүрмеген балаң сезімнің шала өлеңі екені көрініп тұр. Содан да болар, мұнысын ешкімге көрсеткісі де, тыңдатқысы да келмейтін», – деп жазды журналист Facebook желісіндегі парақшасында.
Журналистің сөзінше, ән авторы өлеңінің шикі екенін білген, алайда өз туындысы бір сәтте ғана хит болып шыға келеді деп ойламапты.
«Содан арада үш жыл өтіп, Диана Алматыға Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясына «эстрада вокалы» бөліміне оқуға түседі. Ән өңдеушілердің біріне барып, бала кезінен «бауыр басып», көмейіне ұялап қалған әнін эстрада қалпына салып, өңдеп, өз ортасында «ән айт деп қолқалай қалса ғана» айтып жүрмекке бекінеді. Ән өңдеуші екеуі әннің алғашқы нобайын жазып, қалғанын ертең жалғамаққа келісіп, жатақханаға кетеді. Осы сәтте студияға өз шаруасымен Ерке Есмахан келіп қалады. Әнді бір тыңдағаннан ұнатып қалады. Сосын ән өңдеушіге Дианаға телефон шалдырып, әніне Еркенің «құда түсіп» жатқанын жеткіз дейді. Көп ұзамай шыдамсыздана Еркенің өзі де телефон соғады», – деп жалғастырды Бекжігіт Сердәлі.
Өз кезегінде Диана әнді сатпайтынын айтып, бірден басын ала қашқан. Десе де Ерке оған ойлануға кеңес берген. Ән өңдеушіге төлейтін ақшасы болмаса да, туындысын жаздырып жатқан ән авторы әлеуметтік халіне байланысты, әншінің дегеніне келіспеске лажы болмапты. Десе де өз жағдайы үшін жылап та алғанын мойындады.
«Ерке сөзін белгілі бір ақынға өңдетіп алмаққа уәде етеді. «Ашығын айтайын, Ерке әнді өңдемес бұрын «қалай орындағаным дұрыс?» деп менімен ақылдасып алды. Кей әншілер сазгермен ақылдаспай, өз білгендерінше әнді өңдеп, негізгі идеяны жоғалтып алып жатады ғой. Еркенің мұнысы ұнады», – дейді Диана. Кейін Ерке Қайнар Алакөзөвке Диананың шумағына шумақ қостыртып, Диана-Қайнар «өлең-гибридімен» ән етіп, елге таратып жібереді», – деп жазды журналист.
Сондай-ақ, Диана өз әнінің тыңдарманын тез табатынына сенімді болғанын айтқан.

«Оның үстіне Еркенің ән әлемінде аты шығып қалған болатын. Әнім жеңіл, ойнақы. Қазір ойлаймын, егер бұл әнімді өзім орындағанымда, дәл мұншалықты танымал болмас та еді. Жалпы, әннің идеясы – сұрбойдақ жігіттер мен отырып қалған бойжеткендердің ішкі назы болатын», – дейді ән авторы Диана Ысмайылова журналиспен әңгімесінде.
Журналистің сөзінше, «Қайда» әні хитке айналғаннан кейін, Қайрат Нұртас, Мөлдір Әуелбекова ән авторы Дианаға тапсырыс түсіре бастаған. Алайда өзінің сазгер емес екенін айтқан Диана «реті келсе көреміз» деп жауап беріп келіпті.

«Жалпы, Динананың өзі де тәп-тәуір әнші. Естеріңізде болса, 2015 жылы «Қазақстан дауысы» вокалистер шоуында финалға дейін көтерілген болатын. Міне, «хит» ондығынан түспей келе жатқан бір әннің тарихы осылай еді…», – деп тәмамдады журналист Бекжігіт Сердәлі.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.



Stan.kz


23 тамыз 2018 ж. 873 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930