» » » Орман “бұлбұлы”: Алтынай Жорабаева жаңаша стильде ән шырқап, жұртты таңдай қақтырды

Орман “бұлбұлы”: Алтынай Жорабаева жаңаша стильде ән шырқап, жұртты таңдай қақтырды

ÐлÑÑнай ÐоÑабаева

Жезтаңдай әнші Алтынай Жорабаева халықты тағы да бір талантымен тәнті етті. Ол халық әні “Гауһартасты” опера жанрында, жанды дауыста орындап шықты. Көкшетау өңіріне қонаққа барған әнші орман аралап, саңырауқұлақ теріп, табиғаттан шабыт алған көрінеді.

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
“Мен негізі классика әндерін жақсы көремін, бірақ дәріс алып оқымағанмын. Жәй әуесқой ретінде айтып жатырмын. Кемшіліктеріме кешірім сұраймын”, – деп бөлісті Жорабаева Instagram-дағы парақшасында.
Бұдан бөлек, өнер иесі тағы бір әнді орыс тілінде шырқап, көпшіліктің қолдауына ие болды.
Желі қолданушылары әншінің бірегей дауыс иесі екенін атап өтіп, жанды дауыстағы видеоларды жиі салып тұруын өтінді.

Айтпақшы, олардың арасында Алтынайдың бояусыз түріне сын айтқандар да табылды.
“Көзінің үстін тіктіргеннен кейін жаман болып қалыпты. Ренжімеңіз. Көзіміз әбден бояуға үйреніп қалғанға ма, мына түріңіз науқас адамға ұқсайды”, – дейді оқырмандардың бірі.

Stan.kz

11 қыркүйек 2018 ж. 1 034 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930