» » » Жазира Байырбекова өз тілін менсінбейтін қазақтарға жан айқайын жеткізді

Жазира Байырбекова өз тілін менсінбейтін қазақтарға жан айқайын жеткізді


Тәуелсіздік алғанымызға 26 жылдан асса да, ана тілі мәселесі әлі күнге дейін шешімін таппағандай. Әсіресе жастар арасында өз тілін менсінбей, өзгенің тілінде “сайрайтындар” күн санап көбеймесе, азайып жатқан жоқ. Бұл мәселе тіл жанашырларын алаңдатып отыр. Әнші Жазира Байырбекова да қазақ тілінің мүшкіл халін ойлап күйінеді, деп хабарлайды Stan.kz.

Әнші Instagram парақшасында қазақ тілі жайлы пост жазып, көкейін тескен мәселе турасында сөз қозғады. Ол адамды ұлтқа бөлмейтінін, алайда кез келген азамат өз ана тілін алдыңғы орынға қоюы керектігін атап өтті.
“10 адамның біреуі басқа ұлт болса сол бір адамның тілінде сөйлеп, ана тілімізді тіпті менсінбей қаламыз. Неге, а, неге? Мен адамды бөлмеймін. Жақсы адамдар әрбір ұлтта бар. Бірақ әр адам өз ұлтының тілін бірінші орынға қою керек қой.
Біз өз тілімізге неге сенбейміз. Өз елімізде жүріп өз тілімізден, салт-дәстүрімізден неге ұяламыз?
Тіл білген жақсы ғой әрине. Бірақ өз тілінде сөйлей алмағанын мақтаныш көретін ақымақтар тек “Қазақ” ұлтында ғана бар шығар. Сөйте тұра көрші өзбек, қырғыз, тәжік елдерінен алда келеміз деп мақтанамыз.
Қай жағынан алда кележатқанымызды ойлаңыздаршы. Басқа ұлттың қызы болып туылғанымда ғой, бұлай ана тілім үшін жаным ауырып қиналмас едім.
Қазақ тілі қадірсіз болып, күлкі болып, әлсіреп жүргенше барлық жерде қазақша сөйлеуге тыйым салып тастасын онда. Сонда өз тілімізге деген маxаббатымыз оянатын шығар”, – деп ашынды Байырбекова.
24 қаңтар 2018 ж. 1 530 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930