» » Ербол Тілешов: Елбасы Жолдауы еліміздегі терминология саласына қозғау салады

Ербол Тілешов: Елбасы Жолдауы еліміздегі терминология саласына қозғау салады


Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа 
Жолдауына қатысты Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Ербол Тілешов пікір білдірді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Елбасы қазақ тілін модернизациялау жөнінде осыған дейін де бірнеше рет айтты. Бұдан бұрынғы Жолдауларында, Қазақстан халқы Ассамблеясының жиынында латын әліпбиіне қатысты пікір білдіргенде де осы жайлы атап өткен болатын. 2012 жылы бұл мәселе тағы айтылып, осы Жолдауында нақтыланып отыр. Біріншіден, қазақ тілін заманауи тіл ретінде қалыптастыратын кезең келді. Біздің тіліміз ғасырлар бойы дәстүрімізбен, тұрмысымызбен, тірлігімізбен байланысты болып келген еді. Енді қазақ халқының тыныс-тіршілігіне жаңа кәсіптер, жаңа салалар келіп, ел тірлігіне жаңа технологиялық жаңалықтар легі енуде. Соған байланысты тіл, әрине, өзгереді», - дейді Ербол Тілешов.

Оның ойынша, бұдан былай қазақ тілінің ішкі лексикалық қоры байып, ол жаңа терминдермен толыға түседі.

«Елбасы өз Жолдауында халықаралық терминдерге ерекше мән беріп, олардың «аударылмағаны дұрыс» деген пікір айтты. Егер ол терминнің нақты баламасы табылмаса, біздің тұрмысымызда бұрын болмаса, оны біз аудармауымыз қажет. Бірақ, бұл ретте бір мәселені ескеруіміз керек. Терминдердің бәрі осы уақытқа дейін кеңес заманында орыс тілінің заңдылығы бойынша аударылып келді. Біз өз тіліміздің ішкі заңдылығы мен табиғаты арқылы аударманы бере білуіміз керек. Мәселе осында. Сонда тіл өзінің ішкі әлеуетін аша түседі. Тілдің сөзжасамдық қабілеті артатын болады. Менің ойымша, терминолог ғалымдарымыз халықаралық терминдерді қазақ тіліне қабылдаудың қағидаттарын дайындауы керек. Бір ереже, емлесі дайындалуы тиіс. Әйтпесе, тілдің бірлігі сақталмай, Елбасы айтқан сын да орындалмайтын болады», - дейді ғалым.

Ербол Тілешов өзінің бұл ойын нақты мысалдармен түйіндей түсті.

«Мәселен, біз атап жүрген елдің атауларының соңына жалғанатын «ия», «ция» (Англия болмаса Франция) мемлекеттер түпнұсқасында бөлек жазылып, дыбысталады. Біз ылғи айтып жүрміз «Rome» деген қаланы біздің «Рим» деп атауымыз, «Nice» деген қаланы «Ницца» деп жазу, «Österreich» деген елді «Австрия» деп жазу дұрыс емес. Қай тілден термин аударылады - соның түпнұсқалық қалпын сақтай отырып, қазақ тіліне, табиғатына байланысты аударуымыз керек. Мәселе осында», - дейді Ербол Тілешов.

Сонымен қатар, ол терминология мамандарын даярлау керек деген пікірде.

«Терминология мамандарын даярлаған абзал. Оған А. Байтұрсынов атындағы институттан бастап, барлық университеттегі тіл мамандары атсалысуы керек. Нақты қағидат дайындалып, белгілі бір жиында бекітіп алуға тиіспіз», - дейді Ербол Тілешов.

Естеріңізге сала кетейік, Елбасының 10 қаңтар күні жарияланған «Төртінші өндірістік революциялық дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында қазақ тіліне аударылған терминдер туралы пікір айтқан болатын. Нұрсұлтан Назарбаевтың ойына орай Дихан Қамзабекұлы мен Ерден Қажыбек өз пікірлерін білдірді.

Ержан Жаубай

12 қаңтар 2018 ж. 1 553 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 710

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031