» » » Арманым жоқ астында өлсем көк тудың...

Арманым жоқ астында өлсем көк тудың...

ÐÑманÑм Ð¶Ð¾Ò Ð°ÑÑÑнда өлÑем көк ÑÑдÑÒ£...

Патриоттық әндер легі тағы бір жаңа әсем әнмен толықты. Үш таланттың тандемінен туындаған жыр алғашқы секундынан-ақ сізді алысқа, сағынышқа толы ауылға, келмеске кеткен балалық шаққа, аспан-биікке, тау бөктеріне, жасыл алқапқа жетелейді.
Делебені қоздырып, көзге жас ұялататын әннің сөзінің авторы, айтыскер ақын Азамат Мәлженбай былай деп сыр ақтарады: «Тәуелсіз елдің Көк туы деген – Азаттықты аңсап, зарығып жеткен қазаққа көзінің нұры, көңілінің сыры, намысының жалауы ғой. Ал біз сияқты Атамекенді аңсап, қаңсырығы кеуіп жеткен қазаққа көк туы желбіреген Қазақстанның, ұлы Отанның беретін рухы тіптен бөлек. Әр қазақ елімізге өзіндік үлесін қосып жатыр ғой, менде әр күні солардың қатарында, шіркін-ай мен де өз еліме, өз Отаныма айтарлықтай үлес қоссам ғой деген арманмен жүремін, бірақ әлі ауыз толтырып айтарлықтай ештеме тындыра алмай келемін. Тек қазірше сол бойды кернеген алапат сезім мен Отанға деген ыстық махаббатымды, үзілмес сүйіспеншілігім мен үкілі үмітімді ауық-ауық жыр жолдарымен жеткізіп, кейде айтыстарда айтып жүрмін. Осы жырым да сол Ордалы Отаныма, Қасиетті Қазағыма, Киелі Көк туыма деген мөлдір көңілімнің, пәк жүрегімнің, жан қалауымның сығындысы.

ÐÐ·Ð°Ð¼Ð°Ñ ÐÓлженбай

Негізі бұл бір жыл бұрын жазылған жыр болатын, өткенде бір "Өлең және Әлем" деген байқауға қатысатын болып, осы жырымды өз дауысыммен бейнежазба түрінде оқыған болатынмын. Кейіннен ол WhatsApp желісінде кеңінен тарап кетті. Сол өлеңімді қазіргі қазақтың ұлтжанды журналистерінің бірі, екі ел арасындағы айтыстың алтын көпірі болып жүрген Ерлан Төлеубай деген өнерлі азамат көре салып, жырды бір естігеннен көңілі толқып, көзі буланыпты. Содан дереу менің фейсбуктағы жеке парақшама шығып, телефон нөмірімді сұрапты. Мен көріп жазып жібердім, екеуміз сөйлестік, ватцап арқылы жырдың толық текстін жібердім. Содан қызық болғанда Ерекең арада бес минут салып, «Азаке, мынаған мынадай ән келді» деп, керемет бір сыр мен сағынышқа толы, жігер мен махаббатқа толы бір әуенді қалықтатып тұр. Әуені бір  естігеннен қатты ұнады, сөйтіп еліме деген жүрек жарды жырым Ерлан Төлеубайдың жүрек қылын дәл тербеп, әуелеген әнге айналып шыға келді. Енді оны алтын дауысты әнші Ибрагим Ескендір бауырымның орындауы тіпті қуанышымды еселеп, мерейімді тасытты. Енді не деймін, Қазақтың дарынды ұлдарымен бірге Алты Алашыма, Рухты Ұлтыма арналған осындай ән сыйлағанымызға қуаныштымын! Киелі Көк тудың жолында жанын құрбан ететін қазағым, ақ жүректеріңізбен "Жаным қазақты" қабыл алыңыздар!».
«Жаным қазақты» алғашқылардың бірі болып тыңдап үлгерген журналист Сансызбай Нұрбаба: «Естеріңізде шығар, баяғы бала күнімізде «қызыл ту» мен «қызыл жалауға» арналған өлең-тақпақ көп еді ғой. Оның бірсыпырасын жарыса жаттап, «бес» деген баға алған күніміз де есте. Мәселен соның бірі былай болып келетін:
Желбірей бер,
Қызыл Туым айбынды,
Сен бар жерде
Білмейміз біз қайғыңды.
немесе
Қызыл алаң жайнайды от жалқыны боп,
Елімнің лениндік жас күні боп,
Тулайды қызыл мұхит толқыны боп,
Қызыл жалаулар тасқыны боп.
болмаса
-Өртенген жалау кімдікі?


https://www.qamshy.kz
21 қыркүйек 2018 ж. 748 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930