» » » Илья Ильин актер ретінде сериалға түсіп жатыр

Илья Ильин актер ретінде сериалға түсіп жатыр

Ауыр атлетикадан әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильин киноға түсіп жатыр.


Бұл туралы Илья Ильин Инстаграм парақшасында жазды.

“Бүгін “Всемогущий” фильмінің түсірілімінде болдым. Актер болып ойнаған өте қызық болды”, – деп жазды спортшы.

“Всемогущий” фильмі – фантастикалық комедия. Ағайынды жындардың қазіргі змандағы өмірі жайлы. Үш ағайынды жынның бірі әлемдегі алғашқы жын-блогер болғысы келетінін айтады. Танымалдық үшін жазылушыларының айтқанын орындайды. Оның рөлін Ерден Телемесов сомдайды. Қазір сериалдың бірінші маусымы жүріп жатыр.

Сериалда Ильямен бірге актриса Айсұлу Әзімбаева роль сомдайды.

Бұған дейін Илья ауыр жарақат алып қалғанын, сол себепті спорттағы мансабын аяқтауы мүмкін екенін мәлім еткен болатын.


Stan.kz


30 қазан 2018 ж. 721 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 664

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30