Нәби Аймұратовтың жары екінші рет шаңырақ көтерді (фото)
Осыдан біраз жыл бұрын жол апатынан қайтыс болған қызылордалық әнші Нәби Аймұратовтың жары Жазира екінші рет тұрмысқа шықты деп жазады Gashyktar_kaz парақшасына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Нәби Аймұратовпен мектеп жасынан кездескен Жазира Аймұратова кейінірек шаңырақ көтерген.
Алайда олардың арасында бала болмаған.
Бұл жаңалықты естіген желідегілер Жазира Аймұратоваға ақ тілектерін жаудырды.
"Бақытты болсын", "Тірі адам тіршілігін жасайды ғой", "Қанша жыл бойы күйеуінің артын күтті".
"Әр адам бақытты болуға лайық қой. Өлгеннің артынан өлмек жоқ", "Барлығы Алланың қалауымен болатын дүние ғой".
"Нәби қайтыс болғанда келіншегінің қалай жылағанын көргенмін. Бақытты болсыншы" деп жарыса жазды.
Айта кетейік, Нәби Аймұратов 2009 жылы Қызылорда Шиелі ауданының тұсында жантүршігерлік жол апатынан қайтыс болған. Қайғылы қаза орын алған күні әншінің жанында жары да болған. Жазира Аймұратова жол апатының қалай болғанын айтып берген болатын.
NUR.KZ.