» » » Рэп айтады: Бүркіт жары Аишаны жеке әнші ретінде шығармақ

Рэп айтады: Бүркіт жары Аишаны жеке әнші ретінде шығармақ

Әнші әрі енді кинорежиссер атанған Бүркіттің екінші фильмі санаулы күндерден кейін көрерменге жол тартады. Алғашқы кинокартинасы сәтсіз шыққан Бүркіт мұнымен тоқтамаймын деп отыр. Бұл жолы комедия әлеміне келген әнші алдағы уақытта 1 жылда бір фильм түсіремін деп отыр.

ÐÒ¯ÑкÑÑ Ð¿ÐµÐ½ ÐиÑа

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Сондай-ақ, Бүркіт жары Аишаны жеке әнші ретінде шығармақ ниетте.

“Жеке жүруіне болмайтын шығар. Бірақ жеке ән жаздырып, клип түсіру ойда бар. Өйткені жақында өзі де, ән айтып шығайыншы деді. Мен басында ұсынғам, ол ұмытылып кетті. Жақында өзі ұсынды. Қандай стиль екенін білмеймін. Рэп оқимын дейді”, – дейді Бүркіт күліп.

Бұл орайда Аиша заманауи бағыттағы әндерді ұнататынын, бүгінде “91” тобын сүйіп тыңдайтынын атап өтті.

“Маған Айдана Меденова, Ninety one тобы, Кентал, Джах Калиб ұнайды”, – дейді Аиша.

Ал Бүркітке жаны қазаққа жақын азаматтар ұнайтын болып шықты.
“Жақсы болса жақсы шығар, бірақ маған онша жақын емес. Қазақстанда маған Димаш, Қайрат Нұртас, Жұбаныш Жексенұлы, Төреғали мен Қайрат Түнтеков ұнайды. Мен әнге байланысты тыңдаймын, әншіге қарамаймын. Мысалы, Төреғалидің “Махаббат майданы” – өте керемет ән. Қайраттың “Бұлыңғыр” деген әні ұнайды.

Той деген – мереке. Сол мерекеде ән шырқалмаса, басқа қай жерде шырқалады? Сіздер ойламаңыздар, шетелде де той-бизнес бар. Ал біздің кей бағдарламаларда, музыкалық арналарда істейтін білгіштер айтып жатады. Ол халыққа ұнап жатқан “дікс-дікс”, сұраныс сондай. Мүмкін екі-үш жылдан кейін мұңлы әндер хит болатын шығар”, – дейді Бүркіт.

Stan.kz
27 қараша 2018 ж. 784 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930