» » » Сәкен Майғазиев Жүргенов атындағы университетте жаңа қызметке келді

Сәкен Майғазиев Жүргенов атындағы университетте жаңа қызметке келді

Танымал әнші Сәкен Майғазиев Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында жаңа қызметке келді. Бұл туралы академияның ректоры Асхат Маемиров мәлімдеді, деп жазады Stan.kzақпарат агенттігі.

СÓкен ÐайÒазиев ÐÒ¯Ñгенов аÑÑндаÒÑ ÑнивеÑÑиÑеÑÑе жаңа ÒÑзмеÑке келдÑ


Белгілі болғандай, Сәкен Майғазиев өнер академиясында шығармашылық жұмыстар және xалықаралық байланыстар жөніндегі проректор қызметіне келді.

«Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының шығармашылық жұмыстар және xалықаралық байланыстар жөніндегі проректоры болып Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәкен Майғазиев тағайындалды. Еліміздің мәдени кеңістігінде өз орны, өз жолы бар тұлға, кәсіби өнер шебері ретінде Сәкен Қордабайұлы жаңа қызметте абырой биігінен көрініп, ғылыми-шығармашылық салада сан асуларды бағындыратынына сенемін! Біздің мемлекетімізде қарапайым азаматтарға талант, кәсібилік, шеберлік, еңбекқорлық, тынбай ізденістің арқасында биік белестерді бағындыруға болатынына Сәкен Майғазиевтің өмірі мен өнер жолы – жарқын үлгі», – деп жазды Асхат Маемиров Instagram желісіндегі парақшасында.

Сонымен қатар ол Сәкен Майғазиевтің 20 жыл бойы тер төккен еңбегі мен өнерге қосқан үлесін атап өтті. Ол – бір әулеттің ғана емес, ел мақтанышына айналған азамат, дейді Маемиров.

«Үлкен отбасының тоғызыншы перзенті өнер әлеміндегі барлық асуларды өзінің мақсатшылдығы мен еңбекқорлығы арқылы бағындырды. Білім алу жолында – колледж, академияда бакалавр, магистратура, докторантура секілді баспалдақтардан өтті. Сонау тоқсаныншы жылдардың ортасында «Мөлдір моншақтар» деп ән әуелеткен өнерге ғашық, мөлдірлік пен тазалыққа жаны іңкәр жас талант Сәкен мен Қазақстанның айтулы қайраткер азаматы Сәкен Майғазиевтің арасында жиырма жылдан астам уақыт төгілген маңдай тер, тынымсыз жұмыс, ізденіс, кәсіби шеберліктің ізі жатыр. Әкенің аманатына адал ұл, Ананың аяулы перзенті ретінде Сәкен Қордабайұлы – тек бір әулеттің ғана емес, ел мақтанышына айналған азамат! Өзі де өнегелі отбасының иесі. Сәкен – әрқашан да мәртебең үстем болсын!» – деп тәмамдады сөзін ЖОО ректоры.

Stan.kz
05 желтоқсан 2018 ж. 1 155 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930