» » » 57 жастағы танымал актер оныншы рет әке атанды

57 жастағы танымал актер оныншы рет әке атанды

Актриса Пейдж Батчер 57 жастағы Эдди Мерфиге ұл сыйлады. Осылайша, актер оныншы рет әке атанды деп жазады life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
meaww.com

Бұл сәби - ерлі-зайыптылардың ортақ екінші баласын. Екі жыл бұрын олардың Изи есімді қыздары туылған болатын.

Ұл бала 30 қараша күні өмірге келген. Оның салмағы 3,8 келі, бойы 48 сантиметр.

Анасы да, бала да өздерін жақсы сезінеді.

USA Today ақпаратынша, баланы Макс Чарльз деп атаған. Есімінің екінші бөлігі, былтыр сәуірде аққан ауруынан көз жұмған Эдди Мерфидің ағасының құрметіне қойылыпты.

Естеріңізге сала кетейік, актердің Николь Мерфимен некесінен бес баласы бар. Тағы үш баласы некеден тыс туылған.

Соның бірі Spice Girls тобының мүшесі Мел Биден туылған баласы. Бірақ актер бастапқыда оны мойындамаған. Сондықтан Мел Биге ДНҚ сараптамасына жүгінуге тура келген.
05 желтоқсан 2018 ж. 793 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 664

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30