» » » Көкшетауда Димаш Құдайбергеннің мүсіні пайда болды

Көкшетауда Димаш Құдайбергеннің мүсіні пайда болды

ÐөкÑеÑаÑда ÐÐ¸Ð¼Ð°Ñ ÒұдайбеÑгеннÑÒ£ мүÑÑÐ½Ñ Ð¿Ð°Ð¹Ð´Ð° болдÑ

Көкшетауда Димаш Құдайбергеннің мүсіні пайда болды. Өнер туындысы – мәңгілік ескерткіш емес, мұздан уақытша фигура ретінде жасалды. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

“Әрине, уақытша материал. Десе де, табиғи болғанымен де жақсы. Мен оны табиғатпен байланыстырдым. Біздің сұлу жерімізде жаңа жыл қарсаңында халықтың көңіл күйін көтерсін”, – дейді мүсінші Манарбек Бурмаганов.
Жергілікті суретші Манарбек Бурмаганов Димаштың жанкүйері болып шықты. Ол Құдайбергеновті мұздан жасалған аққулармен қоршап, микрофон ұстаған күйін бейнелеген.
Мүсінші “Любовь уставших лебедей” әнін Димаштың орындауында тыңдағанда таңдай қаққанын айтады. Композицияны бірнеше мәрте тыңдап, шабыттанып кеттім, дейді автор.
Жергілікті билік мүсіншінің бастамасын қолдаған. Осылайша мұздан жасалған Димаш пайда болды. Алғашқыда жаңа жылдық қалашықтың эскизінде әнші болмаған. Бірақ мүсіншінің өтінішімен, алаңда Димашқа да орын табылды.
Естеріңізде болса, Игорь Крутойдың әнін Димаш Кремльде өткен концерт кезінде орындаған болатын.


Stan.kz


25 желтоқсан 2018 ж. 753 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 129

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930