» » » Мәдениет министрі: Шетелдік әртістерді демеушілердің ақшасына шақырамыз

Мәдениет министрі: Шетелдік әртістерді демеушілердің ақшасына шақырамыз



Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы шетелдік әртістерді Қазақстанға мемлекет есебінен шақырмайтынын айтты.

“Елордамыздың 20 жылдығы аясында үлкен іс-шара өтті. Министрлігіміздің саясаты бірінші кезекте – өз әртістерімізді көрсету. Шетелдік әншілерді демеушілердің қолдауымен шақырамыз. София Ротаруды кім шақырды деген әңгіме болды. Біз мемлекет есебінен қымат әншілерді шақырмаймыз”, – деді Арыстанбек Мұхамедиұлы Үкіметтегі баспасөз конференциясында.
Министр “ЭКСПО-201” көрмесіне “Ла Скала” театрының әртістерін, 260 адамды Eni компаниясының қаражатына шақырғанын айтты. Ал, Пласидо Доминго Rolex сағатының демеуімен келген.


Stan.kz

29 желтоқсан 2018 ж. 609 0