Бурабай курорты шетелдік инвесторларға берілуі мүмкін
Щучинск-Бурабай курорттық аймағының даму жоспарын шетелдік және отындық инвесторларға таныстырды. Мәдениет және спорт министрі шетелдік инвесторларға қандай жерлер берілетінін айтты.
Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.Шетелдік инвесторларға курорттық аймақтан 233 гектар жер белгіленген. Онда спроттық, емдік орталықтар және ойын-сауық кешені салынуы мүмкін.
“Щучинск-Бурабай курорттық аймағы даму жоспарының үшінші сатысы 2020 жылға дейін есептелген. Оған 61 млрд теңге көлемінде қаржы бөлінді. Жоспар мақсааты – курорттық аймақтың мүмкіндіктерін арттырады”, -дейді мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.
Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта, курорттық аймақта “Қазақстандық Лапландия”, тау шаңғы базасы, “Абылайхан алаңы” жұмыс істеуде. Сондықтан, ол жерге мәдени, ойын-сауық орталықтар жетіспейді.
“Халықаралық дәрежедегі мерекелер өткізу үшін “Конгресс-холл Бурабай” сияқты көп функциялы және мәдени-ойын-сауық орталықтар болу керек”, -дейді министр.
Болашақта бұл аймақ қазақстандық кинематографистердің түсірілім алаңына пайдаланылуы да мүмкін.
“Голливуд серіктес болуға қызығып отыр. Жақында президент АҚШ киноиндустрия саласы мамандарымен кездескені белгілі. Мұндай серіктестіктер туризм саласын дамытып, экономикаға мол пайдасын түсіреді”, – дейді Мұхамедиұлы.
http://stan.kz