1 килограмы 40 теңге: Қазақстандық және қытайлық ғалымдар картоптың жаңа түрін ойлап тапты
Астанада С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ғалымдары қытайлық әріптестерімен бірігіп, өнімділігі 5 есе жоғары жаңа картоп сұрпын сынақтан өткізді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Зерттеу барысында жергілікті картоп тұқымы бір гектардан 30 тонна өнім берсе, жаңа сұрып – 150 тоннаға дейін өнім береді.«Енді инвесторлармен бірігіп, жылыжай салуды көздеп отырмыз. Қала әкімінің де көп көмегі тиді: біздің оқу шаруашылығымыздың маңынан 10 гектар жер берді. Онда біз биотехнологияларға негізделген зертхана салып, картоптың жаңа сұрпын шығарамыз және оларды солтүстікқазақстандық шаруаларға сатамыз. Әзірге атын қойған жоқпыз, уақытша №6 деп атап жүрміз», – деп университет ректоры Ақылбек Күрішбаев.
Оның айтуынша, зерттеу барысында алынған картоп университет асханасына берілген және оқытушылар бір келісін 40 теңгеден сатып алған.
«Дәмі өте жақсы деп мақтап жатыр, қытырлақ картоп пісіруге де ыңғайлы екен», – дейді ректор.
Университет жанында қытайлық, германиялық, оңтүстіккореялық және беларусьтық бірнеше халықаралық орталықтар жұмыс істейді. 4 жыл ішінде 1,2 млрд теңгеге шетелдік инвестиция тартылған.
Stan.kz
Пікір 2