"Заман-ай" қойылымы көрсетілді Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЗК-169/5 мекемесінің Сотталғандар арасында тәрбие жұмысын жүргізу бөлімінің теологиялық оңалту тобының ұйымдастыруымен мекемедегі жаза мерзімін өтеуші азаматтарға Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық музыкалық-драма театры директорының орынбасары Ә.Н.Қожахметұлы бастаған театр әртістері «Заман-ай» атты қойылымдарын ұсынды.Қойылым мақсаты - азаматтардың дәстүрлі емес теріс діни ағымдардың жетегінде кетудің алдын алу және олардан сақтандыру жолында қоғам руханияты мен салауатты өміріне кері әсерін тигізетін әлеуметтік мәселелерді көрсету. Сахналық қойылым барысында асыл дінімізден безіп, жат ағымның жетегінде кетіп, отанын, ата-анасын, бауырларын тастап, елден асып кеткенде ғана өздерінің діннен адасқандарын кеш түсінген қандас бауырларымыздың өкінішке толы тағдыры шынайы бейнелендіБүгінгі таңда еліміздегі ең өзекті мәселелердің бірі – сол теріс ағым мәселесі.Түрлі түсініксіз діни идеологиялар жастардың санасын жаулап, оларды жаман әрекеттерге итермелейді, мұндай оқиғалар көптеп болып та жатыр. Осындай үлкен және қауіпті дертің алдын алып, сақтану үшін Өмірлік жағдайды сахнаға шығару арқылы, соны сомдау арқылы жастардың жүрегіне жол тауып, теріс ағымдардан аулақ болуға бір септігін тигізетін «Заманай» қойылымының жаза мерзімін өтеушілерге терең ой салып, тура жолды сілтегені анық. Еліміздің қалыптасқан салт-дәстүрі мен тұрақтылығын бұзу жолында деструктивті діни ағымдардың террористік және экстремистік идеяларының құрбаны болуының алдын алу мақсатында түзеу мекемесіндегі 300-ге жуық жаза мерзімін өтеуші азаматтарға өткізіліп отырған театрланған қойылымның маңызы жөнінде айтып өткен мекеме бастығы әділет подполковнигі Т.Қалымбетов осындай игі шаралардың алдағы уақыттарда да жалғасы табатынын жеткізді.ЗК-169/5 мекемесінің мемлекеттік тілде аудармашысы А.Бакирова Жаңалықтар / Мәдениет 31 қаңтар 2018 ж. 1 083 0