» » » Наурызға дейін тиіспеймін: Анасы Қайрат Нұртасқа алғаш рет ұзақ демалыс берді

Наурызға дейін тиіспеймін: Анасы Қайрат Нұртасқа алғаш рет ұзақ демалыс берді

ÐаÑÑÑзÒа дейÑн ÑиÑÑпеймÑн: ÐнаÑÑ ÒайÑÐ°Ñ ÐÒ±ÑÑаÑÒа алÒÐ°Ñ ÑÐµÑ Ð´ÐµÐ¼Ð°Ð»ÑÑ Ð±ÐµÑдÑ

Сахнада жүргеніне 10 жылдан асқан Қайрат Нұртас осы уақытқа дейін ұзақ уақыттық демалыс алып көрмеген. Хитмен күндіз-түні тынбай жұмыс істеуге үйренген. Ал биыл анасы оған екі айға жуық демалыс бергенін айтады.

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі Hit-TV арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
“Қол тиіп, Қайратты біраз демалдырып, денсаулығын реттеп болғаннан кейін көктемде жұмыстарымызды бастаймыз. Клип, кино, ән жағынан”, – дейді Гүлзира Үсенқызы ағынан жарылып.
Тыңдармандары Қайраттың үнемі жұмыста жүретінін біледі. Жұбайы Жұлдыз да осы уақытқа дейін Қайратты айына 3-4 күннен ғана көріп келгенін сұхбатында айтқан болатын. Ал биыл жұлдызды келіннің күйеуімен біраз уақытты бірге өткізуіне мүмкіндігі бар. Себебі:
“Қайрат демалады. Оның бармаған жері жоқ. Жыл сайын Түркияға барып демалады, Мальдив аралдарының ең керемет жеріне барды, Дубайда болды. Бірақ 10 күн оған аз боп қалатын. Осы жолы 1-2 ай демалады деп айттық. Наурызға дейін тиіспеймін дедім. Шетелде демалып, біраз денсаулығына қарап жүретін шығар”, – дейді Айдарбекова.
Бұдан бөлек, продюсері әрі анасы Қайраттың шығармашылығындағы тың өзгерістер жайлы айта кетті.
“Қазір Қайратқа шетелден көп әншілер шығып жатыр. Дуэт болсақ деп. Кім екенін айтпай-ақ қояйын, мықты-мықты әншілер. Өзіміз де таңғалып жатырмыз”, – дейді Қайраттың анасы.


Stan.kz

20 қаңтар 2019 ж. 1 052 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930