» » » Бұл көктен жіберілді: Баян Алагөзова жаңадан түсірген фильмінің сюжетін түсінде көрген

Бұл көктен жіберілді: Баян Алагөзова жаңадан түсірген фильмінің сюжетін түсінде көрген

Продюсер Баян Алагөзова өзін сотқа берген режиссер Талғат Теменовке ешқандай өкпесі жоқ екенін айтты. Жаңа түсірген фильмге қатысты пікір білдірді.


Бұл туралы  Zakon.kz-ке сілтей отырып Stan.kz хабарлайды.

Айта кетсек, Баян Алагөзова «Махаббат бекетінің» режиссеріне: Тиісті органдарға шағымданып, сізді жауапкершілікке тарта аламын, деп Теменовтың рұқсат бермегеніне қарамастан фильмнің жалғасын түсіретінін мәлімдеген болатын.

“Мен ешқандай да ренжімеймін. Өз киномды түсірдім. Актерлерді шақыруға құқылымын. Оның неліктен бұлай жасап отырғанын түсінбедім. Ол мені көшірді деп ойлайтын шығар, бірақ бұл басқа оқиға”, – дейді продюсер.

Фильмнің сюжетін продюсер түсінде көрген екен. 23 жастағы қаңғыбас жігіт Ұлан полицейден қашып келе жатып, пойыз вагонына кіріп кетеді. Ол жерде Гүлнәз есімді қызға ғашық болады. Ол өте нәзік қыз. Қос ғашық бірге болу үшін көптеген қиындықты бастан өткерді.

“Картинаны ұзақ ойластыра алмай жүрдік. Бірнеше ұсыныс болды. Бір күні түс көрдім. Түсімде кейіпкерім ұлды болды. Ал, менің бұрынғы ғашығым қызды болды. Ол қызына сүйіктісінің есімін қойды. Жұмысқа келдім де, бәрінің дұрыс екенін айттым. Бұл көктен келген секілді көрінді”, – дейді Алагөзова.

Ұлан мен Гүлнәз рөлін Асқар Илиясов пен Әйгерім Максұтова ойнайды. Баян Алагөзованың өзі Ұланның анасы болып ойнайды. Продюсер өзін ешкімнің алмастыра алмайтын жағдайында өзі рөл сомдайтынын айтты. Онымен қатар ақшалай тұрғыда үнемдегісі келеді.

“Камера қосылғанда ойнаймын, өшкенде ұмытып қалам. Ересек Гүлнәз – көптеген қазақстандық әйелдердің бейнесі. Ол тұрмыстағы әйел. Пікірі елене бермейтін әйел. Өзім де бұл кейіпкерге қарап отырып, махаббатсыз тұрмысқа шығып, осындай қалыпқа түскен, тағдырына үнсіз көнген әйел деп қараймын. Бізде айқайлап бақытты болғанша, үнсіз бақытсыз болып жүргенде құп көреді ғой. Менің өміріме ұқсайды. Бірақ кинода менің өмірім суреттелмейді. Бұл кино, ертегі”, – дейді продюсер.

Stan.kz
23 қаңтар 2019 ж. 629 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930