Бір күнін Димаштың шығармашылығына арнағысы келген радио оның фонограммасын таппай қиналған
Димаш Қытайдағы I am a Singer байқауына қатысып жатқан уақытта отандық радио бір күнді әншінің шығармашылығына арнамақ болған. Алайда бұл идея жүзеге аспай қалды. Себебі олар Димаштың даусы жазылған фонограмма таппай қиналған. Бұл туралы Димаштың анасы Света Айтбаева Нұртілеу Иманғалиұлына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Stan.kz.
“Ол Димаш I am a singer байқауының соңына қарай осындай ұсыныс болды. Себебі барлығы Димаштың жеңіске қарай келе жатқанын білді. Ол кезде Димаш та, Қанат та Қытай елінде болды. “Қазақ радиосы” ауылда жатқан маған шықты. Әлі күнге дейін сөйлескен әрбір сәттеріміз де есімде. Олар бір күн бойы Димаштың әндерін радиодан бергісі келді. Бірақ іске аспай қалған себебі, Димаштың даусы жазылған фонограммалар жоқ”, – дейді Света Айтбаева.Радио қызметкерлері бұл жаңалыққа сенер-сенбесін, қуанар не өкінерін білмеген.
“Ол қалай ән айтып жүр? – деді. 2-3 әнін ғана таптық. “Дайдидау” арнайы түсірілім үшін жазылған, тағы бір Қазақстан туралы әні”, – дейді анасы.
Ал Димаш мұның орнын толтыру үшін бүгінгі уақытта жеке үнтаспасын дайындау үстінде.
Stan.kz