» » » Кіші ТТТ: Төреғали ұлының есімін өзіне ұқсатып қойды

Кіші ТТТ: Төреғали ұлының есімін өзіне ұқсатып қойды

Төреғали Төреәлінің ұлды болуы әншінің барша тыңдармандары үшін күтпеген жаңалық болды. Себебі былтырғы жылдың сәуір айында оның келіншегі үшінші қызын босанған еді. Арада бір жыл өтпестен Толқын сүйікті жарына төртінші перзентін сыйлап отыр, деп жазады Stan.kz.

ТөÑеÒали мен ТолÒÑн
Әрі жақында ғана Төреғали мен Толқынның Қайрат Нұртастың 30 жас туған күнінде бой көрсеткені белгілі. Аталған кештен ТТТ-ның өзі келіншегімен түскен суретін жариялаған болатын. Фотода Толқынның аяғы ауыр екені білінбейді.


Сонымен Төреғали төртінші мәрте әке атанды. Әулетке көптен күткен ұл бала дүниеге келді. Журналист Анна Данченконың айтуынша, Төреғали ұлын ТөреНұр деп атаған. 

Айта кетейік, Толқын есімді қызды жар етіп, өзін ТТТ деп атап кеткен әнші барлық отбасы мүшелерінің есімін "Т" әрпінен атауды әдетке айналдырған. Ол бір сұхбатында "Барлығы "Т" әрпінен болсын деп екі қызымның есімдерін Томирис және Тоғжан деп қойдым" деген болатын. Алайда келіншегі үшінші мәрте қыз босанғанда әнші бұл дәстүрді бұзды. Анасының қалауымен, дүниеге келген кестетігерді Фатима деп атады.

Stan.kz.

05 наурыз 2019 ж. 1 812 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930