Бейбіт Қорған үшінші перзентіне қандай есім бергені белгілі болды
Әнші Бейбіт Қорған таяуда үшінші мәрте әке атанған еді. Бұған дейін жарымен бір ұл, бір қызын тәрбиелеп отырған әншінің шаңырағында тағы бір ұл перзент дүниеге келген-ді, деп жазады Stan.kz.
Әнші өзіне ұл сыйлаған жұбайы мен сәбиін перзентханадан сән-салтанатымен шығарып алды.
«Қуанышымды сіздермен бөлісейін деп, Аллаға шексіз шүкіршілігімді білдірейін деп, жүрегімнің қуанышын сездірейін деп жазып отырмын. Қазақ xалқына тағы бір батыр қосқанымыз біз үшін бір бақыт», – деп жазды.
Белгілі болғандай, Бейбіт Қорған ұлына Баймұхаммед деген есім берген.
«Ұлымның есімін иманға бай болсын деп Баймұxаммед деп қойдым. Негізінде, шаңырағымды себепсіз желіге көздемеймін, сөздемеймін. Шаңырағымды,менің өміріммен шатастырмасаңыздар екен. Біреулер мені жек көрер, біреулер сыйлар. Өздері білер», – деп жазды Бейбіт Қорған Instagram-парақшасында.
Сондай-ақ, әнші өзіне қолдау білдіргендерге алғыс айтты.
Етеріңізге сала кетсек, таяуда әншінің жұбайы үшінші перзентін босанып, ұл сыйлаған еді.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
Источник: Stan.kz