» » » «Қазақфильм» сценарийлер конкурсын жариялайды

«Қазақфильм» сценарийлер конкурсын жариялайды


Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ қарасты «Дебют» шығармашылық-өндірістік бірлестігі қысқаметрлі сценарийлер конкурсына жұмыстарды төмендегі шарттар бойынша қабылдайды:

– Конкурсқа тек Қазақстан Республикасы азаматтары қатыса алады;

– Ұсынымдарды қабылдау мерзімі – 07.02.2018 мен 07.05.2018 аралығы;

– Конкурсқа қысқаметражды көркем фильмдерге арналған сценарий немесе әдеби шығарма негізінде қазақ не орыс тілдерінде, 5-20 бет көлемінде жазылған сценарийлер (бір немесе бірнеше авторлар бірлесе жазған) қабылданады.

– Салалық білімі бар немесе киноға жақын сала бойынша білімі болғаны абзал;

– Конкурсқа жолданатын ұсыным тәртібі:
• Автор туралы қысқа ақпарат және оның осыған дейін жасаған жұмыстары (2 бетке дейін);
• Аннотация (500 белгіге дейін);
• Синопсис (3000-4000 беліге дейін);
Конкурстық жұмыстарды үш айдың көлемінде debut@kazakhfilmstudios.kz электронды поштасы арқылы жіберуге болады.

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының «Дебют» шығармашылық-өндірістік бірлестігі конкурсқа қабылданған сценарийлердің өндіріске жіберілетініне кепіл бермейді және комиссия мүшелері сценарий авторларымен байланысқа шықпайды.

Телефон: + 7 727 313 11 35

Baq.kz
09 ақпан 2018 ж. 1 057 0