Досымжан Таңатаров жаңа шенге ие болды
2000 жылдан бастап президент оркестрінің жеке солисі, жетекші әншісі қызметін атқарған Досымжан Таңатаров жаңа шен алды. Әнші жайлы тың ақпаратты танымал ақын Нәзира Бердалы Instagram парақшасында бөлісті деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Құтты болсын, ағатай, Жаңа орныңыз! Құтты болсын жұлдызың, Шеніңіз де. Адал қызмет ете бер, еліңізге", - деп жазды Нәзира Бердалы.
"Құтты болсын", "Ендi ол кiсiлер президент оркестiрiнiн әншiлерi ғой. Кларада бар. Досымжан, құтты болсын! Генерал болыңыз", "Бұл кісінің әскери қызметкер екенін білмеппін", "Еліміздің мақтан тұтар əншілері көбейе берсін"."Майор атандыңыз ба?", "Капитан екенсіз, майор атандыңыз ба?", "Шеніңіз құтты болсын", "Дәрежеңіз өсе берсін", - деп жазды желідегілер.