Жалағаш жаршысы » Жаңалықтар » Мәдениет » "Фотоаппаратыңды сындырып тастағанмын": Тұрсын Алагөзов әкесінен қалай ақша ұрлағанын айтты
"Фотоаппаратыңды сындырып тастағанмын": Тұрсын Алагөзов әкесінен қалай ақша ұрлағанын айтты
Тұрсын Алагөзов әкесінің қалтасынан қалай ақша ұрлағанын айтып, өткенін есіне алды,
Белгілі продюсер Баян Алагөзованың күйеуі Тұрсын Алагөзов балалық шағын есіне түсіріп, желідегі парақшасында жазба қалдырған. Әкесінен алған тәрбиесі туралы айтып берген ол музыкмен айналысқан, көлік үйренген, ақша ұрлаған, фотоаппарат сындырған өзін көз алдына елестетіп, уақыттың қалай өткенін байқамай қалғанын жасырмады. Сонымен қатар, Тұрсын Алагөзов әкесіне алғыс айтуды да ұмытпады. "Бала күнімде маған тәрбие беріп, қолыңнан келгенше жазалағаныңнан өзге, сольфеджио мен фортепианода ойнауға дайындағаның, көлік тізгінін ұстауды үйреткенің, шыдамдылықпен, сабырмен қарап, бір айтқанын қайталаудан жалықпай түсіндіргенің көз алдымда. Сенің қалтаңнан қалай ақша ұрлағаным есімде. Сөйтіп жүргенде көп ай бойы ақша жинап сатып алған фотоаппаратыңды сындырып тастағанмын", - деп өткенін еске алды ол. Осылайша балалық шағына саяхаттаған Тұрсын Алагөзов әкесін жаңа жасымен құттықтап, тілек білдірген. "Маған өмір сыйлап, тәрбие бергенің үшін рахмет! Мен сені қатты жақсы көремін. Туған күніңмен!" - деп жазды Тұрсын Алагөзов.