» » АУДАНДЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ ӨТТІ

АУДАНДЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ ӨТТІ



Жалағаш ауданы Қ.Қазантаев атындағы мәдениет Үйінде бүгін «Жаңғыру жолындағы Жалағаш жастары» атты аудандық жастар форумы өтті.
Форум аясында Жалағаш индустриалды-аграрлық колледжінде «Кәсіпкер болу – табысты болу», Ш.Ермағанбетова атындағы №246 орта мектепте «Ақпараттық технологияны меңгеру – заман талабы» Мәдениет және өнерді дамыту орталығында «Жастар саясатын жүзеге асырудың жаңа тетіктері» атты секция жұмыстары жүргізілді.
Секция жұмыстары аудандық Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінде пленарлық отырыспен қорытындыланды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимнінен бастау алған пленарлық отырыстың алғы сөзін алған аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев алып, мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асуына өз үлестерін қосып жүрген, бірқатар белсенді жастарды марапаттады.
- Мемлекет жастар үшін барлық қажетті жағдайды жасап келеді. Әсіресе, Сыр елінде жастарды қолдаудың ерекше үлгісі қалыптасқан. 2014 жылдан бастап Мәскеу мен Санкт-Петербургтің озық оқу орындарында 452 қызылордалық студент Ресей федерациясы Үкіметінің гранты есебінен білім алуда. Мұны облыстағы айрықша бастамалардың бірі ретінде атап өтуге болады. Ресейде білім алып жатқан жастардың 13-і жалағаштық өрендер екенін атап өткен дұрыс. Олардың алғашқы легі елге келіп жұмыс жасап, алған білімдері мен жинаған тәжірибелерін өңірді өркендету үшін жұмсауда. Олардың қатарында жалағаштық Бижұма Самғат сынды болашағынан зор үміт күттіретін азаматтың да бар екенін біз мақтан тұтамыз, -деді аудан басшысы өз сөзінде.
Пленарлық отырыста Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының Агроөнеркәсіп кешені бөлімінің басшысы Серіков Жасұлан, Темірбек Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Намурадин Айсана, «Zhas project» жастар корпусын дамыту жобасының жеңімпазы Молдаш Абай, «Жас Отан» Жастар қанаты Жалағаш аудандық бөлімшесінің басшысы Серәлі Нарбота сөз сөйлесе, Нұржан Амандық форумның үндеуін жариялады.
29 қараша 2018 ж. 5 937 153

Eva от 3 қазан 2021 13:21
007 дивитись онлайн

AAtuhvs от 5 қазан 2021 03:50
Игра в кальмара смотреть онлайн Игра в кальмара 1 серия смотреть онлайн бесплатно Какие сериалы и фильмы выйдут в 2021 году?

pxirqy от 15 ақпан 2022 19:14
stromectol pris generyczny stromectol stromectol 3mg tablets

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 665

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30