» » КҮЛКІГЕ ҚАРЫҚ ҚЫЛДЫ

КҮЛКІГЕ ҚАРЫҚ ҚЫЛДЫ

Қ.Қазантаев атындағы мəдениет Үйінде Қызылорда КВН филиалы мен «Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ-нің және Жалағаш ауданы жастарының «Темірқазық» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Жалағаш аудандық Жайдарман ойындарының 1/8 финалдық сайысы болып өтті. Жалағаш аудандық Жайдарман ойындарының финалына барлығы 17 команда қатысты. Жайдарлы Жайдарман ойындарының 1/8 финалына Жалағаш ауданы жастарының «Темірқазық» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Н.Амандық, ҚМУ ректорының жастар ісі жөніндегі төрағасы Н.Пірназар, Қызылорда КВН филиалының жоба үйлестірушісі Х.Аманбаев әділ-қазылық жасады.Тартысқа толы болған жайдарманның ¼ финалдық сайысына 12 команда жолдама алды.
Аталмыш жайдарман ойындарының 1/8 финалында Жалағаш ауданы жастарының «Темірқазық» қоғамдық бірлестігінің арнайы кубогы мен дипломын №201 орта мектептің «Тәттілер» командасы иеленді.
Алдағы қаңтар айында өткізілетін ¼ финалдық сайысына жолдама алған командаларға сәттілік тілейміз.
19 қараша 2018 ж. 1 777 1

Гость Jeaplause от 21 ақпан 2019 07:55
Doxycline Hyclate 100mg Purchase cialis without a doctor's prescription Viagra Ansia