» » » ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫ ЖАСТАРМЕН ТОЛЫҚТЫ

ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫ ЖАСТАРМЕН ТОЛЫҚТЫ

бейсенбісінде сырбойылық бірқатар жастар Қазақстан Журналистер одағына мүшелікке қабылданды. Шараға ҚР Журналис­тер одағы облыстық филиалының төрағасы Аманжол Оңғарбаев, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ержан Байтілес, облыстық «Сыр бойы» газетінің бас редакторы Қуат Шарабидинов қатысты.
Жиында Журналис­тер одағы облыстық филиа­лы төрағасы қалам иелерін кәсіби мерекемен құт­тық­тады.
– Бұл – жылдағы дәстүрге айналған шара. Қалам ұс­тап, қасиетті маман­дық­­­тың бел ортасында жүрген жандарды биыл мүшелікке қабылдау облыс­­тық «Сыр бойы» газетінің 90 жылдығымен де тұспа-тұс келіп отыр. Еңбектеріңіз еленіп, қашан­да абырой биігінен көріне бергейсіздер, – деді облыстық филиал төрағасы Аманжол Оңғарбаев.
Шарада «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ержан Байтілес журналис­тер қауымын мерекемен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.
Мереке қарсаңында «Сыр бойы» газетінің ардагері, танымал­ фото­тілші ­Болат Омар­ә­лиев­ «Қазақстан­ның құр­метті журналисі» атан­ды. Сонымен бірге бірқатар журналистке ҚР Журналис­тер одағының арнайы «Құрмет грамотасы» табысталды. Олардың қа­та­рын­да әріптесіміз, ау­дан­дық «Жала­ғаш­­ жаршысы» газетінің бө­лім меңгерушісі Нұрсұлтан Қазбековтің де бар екенін біз мақтанышпен айтамыз.
Биыл Журналистер ода­ғына қабылданған­дар­дың дені жас­­тар. Олар­дың қатарында «Сыр бойы» газетінің тілшісі Ержан Қожасов, «Ақмешіт апталығы» газетінің тіл­шісі Биболат Сәтжанов, облыстық ассам­­блея хат­шы­лығының бас­па­­сөз маманы Әсел Абзал, сондай-ақ, қазалылық Гүлдәрі Иманәлиева мен Теңге Бақбергенова бар.

Нұржамила АЛМАСҚЫЗЫ
29 маусым 2019 ж. 773 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 665

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30