» » » Журналистер Одағының "Құрмет грамотасы" табысталды

Журналистер Одағының "Құрмет грамотасы" табысталды

Сырбойылық бірқатар жастар Қазақстан Журналистер одағына мүшелікке қабылданды. 28 маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне және облыстың ата басылымы «Сыр бойы» газетінің 90 жылдық мерейтойына орай олар одақтың куәлігі мен төсбелгісіне ие болды. Шараға ҚР Журналистер одағы облыстық филиалының төрағасы Аманжол Оңғарбаев, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ержан Байтілес, облыстық «Сыр бойы» газетінің бас редакторы Қуат Шарабидинов қатысты.
Биыл мүшелікке қабылданғандардың дені жастар. Олардың қатарында «Сыр бойы» газетінің тілшісі Ержан Қожасов, «Ақмешіт апталығы» газетінің тілшісі Биболат Сәтжанов, облыстық ассамблея хатшылығының баспасөз маманы Әсел Абзал, сондай-ақ, қазалылық Гүлдәрі Иманәлиева мен Теңге Бақбергеновалар бар.
– Бұл жылдағы дәстүрге айналған шара. Қалам ұстап, қасиетті мамандықтың бел ортасында жүрген жандарды биыл мүшелікке қабылдау облыстық «Сыр бойы» газетінің 90 жылдығымен де тұспа-тұс келіп отыр. Еңбектеріңіз еленіп, қашан да абырой биігінен көріне бергейсіздер, – деді облыстық филиал төрағасы Аманжол Оңғарбаев.
Шарада «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ержан Байтілес журналистер қауымын мерекемен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі. 
– Өзгенің мұңын өз мұңындай көретін, халықтың қамын ойлаған, әріптестер. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, халықтың көзі, тілі һәм құлағы ретінде атқарып жүрген еңбектеріңіз жана берсін. Қаламдарыңыз қуатты, күндеріңіз шуақты болғай. Бүгінгі мүшелікке қабылданған азаматтар Сыр журналистикасына жаңа леп, жаңа толқын әкелетініне сенеміз, – деді ол.
ҚР Журналистер одағының мүшелігіне қабылданған қарт қаламгер Файзулла Қази «50 жыл бойы ауыл өмірінен мақала жазып келіп, осындай жетістікке жету – үлкен қуаныш. Мерекелеріңіз құтты болсын», – деді өз сөзінде.
Айта кетейік, мереке қарсаңында «Сыр бойы» газетінің ардагері, танымал фототілші Болат Омарәлиев «Қазақстанның құрметті журналисі» атанды. Ал газеттің тілшісі Гүлмира Ділдабекова мен «Кызылординские вести» газетінің бөлім меңгерушісі Қазбек Ботаев, «Qyzylorda» телеарнасының аға редакторы Бақыт Қалдыбаева, Қызылорда қоғамдық телеарнасының аға редакторы Баян Құлтанова, «Жалағаш жаршысы» газетінің бөлім меңгерушісі Нұрсұлтан Қазбеков, республикалық қоғамдық-саяси тәуелсіз апталық «Халық» газетінің дизайнері Айнұр Үмбетова ҚР Журналистер Одағының арнайы дипломына ие болды.
Биыл облыстық «Сыр бойы» газетіне 90 жыл, Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетіне 85 жыл, Сырдария аудандық «Тіршілік тынысы» газетіне 80 жыл, Қазалы аудандық «Қазалы» газетіне 10 жыл толып отыр. Демек, Сыр журналистерінің мерейі таситын берекелі жыл болмақ.
28 маусым 2019 ж. 689 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 692

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031