» » » Көрнекті қаламгер Әлмәмбет Әлішев – 80 жаста

Көрнекті қаламгер Әлмәмбет Әлішев – 80 жаста

Қазалы ауданында КСРО Жазушылар Одағының мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты,көрнекті қаламгер, публицист жазушы Әлмәмбет Әлішевтің 80 жасқа толу мерейтойына арналған «Бәйтеректің бұтағы» атты салтанатты кеш өтті.
    Жиында аудан әкімі Мұрат Ергешбев абыз ақсақал, қарымды қаламгер Әлмәмбет Әлішевті ғұмырының биік бір белесі 80 жас мерейтойымен құттықтап, қазақы дәстүр бойынша иығына шапан жапты.
     Мерейтой иесін Өңірлік оқу орталығының кафедра меңгерушісі Б.Қожамберлиев, мемлекет қайраткері Айтбай Көшербаев, Халықаралық ақпарат академиясының академигі, БҰҰ-ның «Руханият» сыйлығының иегері, ҚР мәдениет қайраткері Ермек Зәңгіров және  «Ана тілі» газетінің бас редакторының бірінші орынбасары Нұрперзент Домбай, аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов құттықтады.
      Шара барысында облыстық мәслихат депутаты Мнажадин Өтеев сөз сөйлеп, ауданымыздағы кәсіпкер азаматтардың атынан ел ағасы атанған жазушы Әлмәмбет Әлішевке «Нива» автокөлігінің кілтін табыстады. Кеш барысында мерейтой иесіне арналған арнау өлең мен әсем әндер, күмбірлеген күй тыңдалды. Өз кезегінде, Ә.Әлішұлы жиналған қауымға риясыз көңілдері үшін алғысын білдірді.


Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
15 сәуір 2019 ж. 1 333 0