» » » КИНОМЕН ҮНДЕСКЕН ӘУЕН

КИНОМЕН ҮНДЕСКЕН ӘУЕН


Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында Әлем бізді қара алтынмен немесе сыртқы саясаттағы ірі бастамаларымызбен ғана емес, мәдени жетістіктерімізбен де тануы керектігін айтты.
Ал «Ұлы даланың жеті қырында» қазіргі замандағы халықтардың тарихи таным-түйсігінде кино өнері ерекше орын алатыны даусыз. Жалпы халықтың санасында фильмдердегі жарқын кинообраздар іргелі ғылыми монографиялардағы деректі портреттерден гөрі маңыздырақ рөл атқарады. Сондықтан Қазақстандағы дерек­ті-қойылымдық фильмдердің, теле­визиялық сериалдар мен толық­метражды көркем картиналардың арнайы циклын өндіріске енгізу керектігін алға тартты. Мақаладағы негізгі мақсат отандық өнім­дерді сапасы сын көтермейтін іске алғысыз ету емес. Халықаралық ынтымақтастық аясында отандық және шетелдік үздік режиссерлерді біріктіре отырып, заманауи кино өндірісін дамыту.
Жуырда М.Шәменов ауылындағы мәдениет үйінде «Киномен үндескен әуен» атты аудандық байқау өтті. Елбасы мақаласының және жастар жылының аясында ұйымдастырылған байқауға қаты­сушылар кино әндерін орындады. Басты мақсат – қазақ кино өнерінің алтын қорына енген ұлы дала ұрпақтарының ежелгі кино өнеріндегі дала музыкасын насихаттау, ескі әуендерді жаңғырта отырып ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу, талантты жастардың ізде­нім­паздық және орындаушылық шебер­ліктерін арттыру.
Ән байқауы «Алға Қазақстан» атты патриоттық флешмобтан бастау алып, «Қазақ киносының інжу-маржандары» атты көрмемен жалғасын тапты. Мұнан кейін қатысушыларға кезек берілді. Ерекше сайысқа жоғары дайындықпен келген үміткерлер бір-бірінен қалысқан жоқ. Оннан аса ауылдан келген өнерпаздар қазақ киносы тарихын­дағы көрерменге қанша рет жол тартса да сұраныстан қалмайтын көркем фильмдердегі танымал әндерді орындады.
Байқау нәтижесімен Аққұм ауылынан келген Айгерім Молот «Тақиялы періште» фильмінен «Мама» әнін орындап, бас жүлдені иеленсе, М.Шәменов ауылының өнерпазы Жақсылық Серікбол «Гауһартас» фильмінен «Келші айым» әнін орындап, жүлделі І орын алды. Ал Ақсу ауылының өнерпазы Асқар Жұманұр «Тақиялы періш­тедегі» «Одиссей» әнімен ІІ орын, Қаракеткен ауылынан Сардан Данияр осы кинодағы «Сүйем мен» әнімен ІІІ орын алса, Есет батыр ауылынан Қарақат Аманкелді арнайы жүлдеге ие болды. Барлық қатысушы талапкер арнайы «Алғыс хат» және сыйлықтармен марапатталды.
Тәуелсіздік алған жылдардан бастап Қазақстандағы кино саласы едәуір дамып келеді. Шамамен, жылына жиырмаға жуық толықметражды көркем туынды жарыққа шығады. Оның бірі әлемді аралап, прокатқа шығады, кейбірі кинофестивальдерде кө­рер­менге жол тартады. Ел ішіндегі кинофес­тивальдерді айтпағанда, халықа­ралық до­даларда бағын сынап, жұлдызы жанып жүл­дегер атанып жүргендері аз емес.

Нұржамила АЛМАСҚЫЗЫ
17 шілде 2019 ж. 492 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 665

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30