Неге ер адамдар тыңдай білмейді?
Бүгін не қызық болғанын немесе сізді ызаландырған бір жайтты айту кезінде сүйіктіңіздің «кешір, не дейсің?» деген кездері бола ма? Бұл жағдайда сіз айғайды бастасаңыз, көмегі боларына күмән бар. Ер адамның бізді анамыздай не құрбымыздай тыңдайтынын күтеміз. Оның тыңдағысы келмеуінің себептері бар ма? Басы 4-себеп. Ол бос емес Ол футбол қарап не жұмыс істеп отыр. Сіз мәселеңізді шешу үшін одан кеңес сұрауға келдіңіз. Ол сізге бір минутын бөле алады ғой? Жауап: үнемі емес. Не істеу керек? Шыдай тұрыңыз. Егер сіз жанынан алып, назар аударуын талап етсеңіз, ол сізге алаңдап, тырысқанымен, пайдалы кеңес бере қоюы екіталай. Егер ол теледидар қарап, ұйықтауға ыңғайланса, өзіңізге «дәл қазір» сол кеңес керек пе?» деген сұрақ қойыңыз. Сондықтан ол үшін сөйлесу ыңғайлы ма, жоқ па, соны сұраңыз. «Жоқ» деп жауап берсе, жүрекке жақын қабылдап, ренжу орынсыз. Кейінірек сөйлесіп көріңіз немесе қолы босағанда өзі-ақ келеді. Сұрағыңыз маңызды болса, жауабы уақыт алуы мүмкін. Жағадан алып, жауап талап етпеңіз. 5-себеп. «Үзіліс» туралы ұмытып кетесіз Әңгімелейтін дүние көп: жаңа фильм, досыңыздың әрекеті, ата-анаңыздың айтқаны, жұмыстағы мәселе, оқу қабырғасындағы жағдай. Әйел заты мұның бәрін бір деммен айта алатын «қасиетке» ие. Ал ерлер үшін әңгіменің бас-аяғы болуы керек. Ал әйел адамдар тоқтаусыз сөйлей алады. Не істеу керек? Баяулаңыз, сөз саптай біліңіз және ер адамға әр мәселе жайлы өз пікірін білдіруге мүмкіндік беріңіз. «Диалогтың» қандай болуы керектігін естен шығармаңыз. Мұнда «ерлер көп сөйлемейді» деген пікір туындауы мүмкін. Дегенмен әңгімеңізді сағаттап тыңдап, 5-6 жағдайды бірдей ұғыну ол үшін тым күрделі. 6-себеп. Сізге қызықты нәрсе оған да қызық деп ойлайсыз Оған достарымен футболға шығып, классикалық рок тыңдау қызық. Сізге Италия мен поп әндері қызық. Жалпы, заңдылық бойынша ер адам мен әйел адамның қызығушылықтарының бір жерден шығуы екіталай. Не істеу керек? Екеуіңіз екі түрлі адам екеніңізді қабылдай біліңіз. Ал екі түрлі мінездің астасуы – жақсы карым-қатынас тудырады. Сондай-ақ өзіңізді индивидуал сезінудің несі жаман? Сүйіктіңізбен 24/7 уақыт бойы бірге болуды қалау дұрыс емес.
Толығырақ: https://massaget.kz/kyizdarga/psihologiya/26607
Толығырақ: https://massaget.kz/kyizdarga/psihologiya/26607