КҮН КӨЗІНДЕГІ КӨКТЕМ
Балалар үшін қыс айы қуаныш пен қызыққа толы болса да, үлкендер үшін – уайым. Сүлдесін сүйретіп ойнайтын балаларды қыстың қаһары қорқыта алмайды. Бала күнімізде қыс қызығынан қолымыз қалт еткенде ауладағы үйілген сексеуілді бұтарлап, сарайға жинау біздің мойынымыздағы жұмыс еді. Көктем таяп, «кәрі құда» қош айтысқанымен, бір мезгіл ошақтың оты үзілсе, үйдің іші азынап кететін. Қыстың соңғы тұяқ серпуінің өзі жаздай жинаған қыстық қорыңды тақырлатып түгесіп тастайды.
Сол көктемнің алғашқы айларында ауыл сыртындағы иесіз ескі тамның ішінен кешке қарай сұңқылдаған үрейлі үн шығатын. Құмығып шыққан дауысты естігенде біздің тұла-бойымызды біртүрлі қорқыныш билейді. Өйткені, үлкендерден тылсымға толы осы түн құсының беймезгіл сұңқылдауын халық жақсылыққа жорымайтынын көп есітеміз. Ал, малды қораға қамап жүрген әкем мұндайда: «Еее, жарықтық, байғыз келіпті ғой. Көктемді шақырып отыр, енді көп ұзамай күн жылынады», - деп күбірлейтін.
Иә, қазір ойлап қарасам, әкеміз, қары қалың қақаған қыста албардағы үйілген шөмеле шөптің түбі көрініп қалғанын уайым қылып жүреді екен ғой. Енді қайтсін, «мал – бір жұттық». Үйдегі шиттей баланың ауыздарын аққа жарытып, бір отбасына нәпақа болып отырған төрт-бес тұяқтың тілеуін тілейді екен де үлкендер. Жалғыз менің әкем ғана емес, малды өріске шығармай қораға қаңтарып тастайтын ұзақ та, қатты қыстан қажыған елдің барлығы да көктемді асыға күтетін. Кейін есейе келе ауыл сыртынан сол көктемнің хабаршысы – байғыз шақырса біз де қуанатын болдық. Аңызда айтылғандай, екі бауыры – үкі мен жапалақты еріккен құс патшасының қатал жарлығынан жасырып, өлімнен аман алып қалатын осы бір киелі құстың соңынан көктем еріп келетін...
Биылғы қыс қарсыз болғанымен, қаһары қатты болды. Ықтасын болар орман-тауы жоқ жазықты жайлаған елді арыны күшті азынақ жел діңкелетіп тастады. «Тоны жоққа сәлем айт, етігі жоққа өзім барамын» деген «кәрі құданың» ескертуін елемегендерді биылғы қыс қатты қинады. Әсіресе, биыл Жалағаш жұртшылығы көмір болса, өмір болатынын жете түсінді. Тәні тоңып, жаны күйінген біреулер «Осыдан қыстан аман шықсам, жаздай Қарағандыдан қаптап көмір тасырмын...» депті. Иә, қыстың қамын жазда ойлау керек...
Көктем таяу. Бірақ, қыстың қаһары қайтпай тұр. Ауа-райын болжаушылар ақпанның зәрі аяғына дейін сақталатынын айтады. Тіпті ақпан айының екінші жартысындағы сақылдаған аязды күндізгі жылт еткен шуақтың өзі қайтара алмай тұр. Кеше ай туды. Шалқасынан жатыр. Демек, келер ай да шаруаға жайсыз.
Ауылдағы ескі ұясына байғыз оралмаған шығар, әлі...

Қуат АДИС.