» » » КҮНДЕЛІКТІ ӨМІР СҮРУ ҚАҒИДАТЫ

КҮНДЕЛІКТІ ӨМІР СҮРУ ҚАҒИДАТЫ

 Бір апта бойы тек қана жаяу жүруге тырысып көрші. Сонда есте сақтау қабілетіңнің жақсарғанын және өзіңнің ұғыну қасиетіңнің артқандығына көз жеткізесің. 

Екі апта бойы шайдан да, кофеден де бас тарт. Сонда сенің көңіліңнен шықпайтын нәрселер азайып, ұйқың тынышталғанына көз жеткізесің. Жүзіңдегі әжімдер біршама тегістеліп, өңіңе әр кіріп қалады. 

Жатар орынға 1-2 апта тамақтанбай, ашқарынға ұйықтауға тырыс. Сонда сен әр ұйықтаған сайын жарқын түстер көріп, әр таң сайын керемет көңіл-күймен оянатын боласың. Күнің де сондай көңіл-күймен өтетін болады. 

Тамаққа тұз бен қара бұрыш салмай үйрен. Сонда 2-3 есе тамақ жеуді доғарасың. Осы дәстүрді сақтасаң, 1-2 аптада аздаған артық майдан арылып, бір ай ішінде арықтап қаласың (артық салмақтан арылғысы келгендерге ғана арналады). 

Дүкендерде сатылатын газды сулар мен кез келген дәмді сусындардан бас тартып көрші. Сонда сен жай ауыз судың барлық судан да дәмді екендігіне және шөлді басатынына көз жеткізесің. 

Әр адаммен қоштасқан сайын «давай, мейлі, давай...» деп айтуды доғарып көрші. Сонда сен адаммен осы сөздерсіз де әдемі қоштасуға болатынына көз жеткізесің. 

Ұнатпайтын адамыңа оның ең жақсы көретін сыйлығын ұсынып көр. Сонда сен оның бұдан кейін саған бәрінен де артық көзқараспен қарайтындығына көз жеткізесің. 

Ұйықтар алдында көп уақытқа емес, бір-екі сағатқа болса да интернет пен теледидарды өшіріп тастап, жалғыз қалып миыңды тынықтырып көрші. Сонда сен өзіңнің бойыңда да айтарлықтай шығармашылық дарын барын байқайсың. 

Шылым сатып алғың келген сайын оның орнына алма, мандарин, апельсин, банан сатып ал немесе бір стақан ауыз су ішші. Екі аптадан соң сен күшіңнің екі есе артқанын байқайсың.

Ғаламтор көзінен алынды
11 тамыз 2019 ж. 532 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 741

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930