Көшпенділер фильмі шықты
Алматыда «Күн басты» бейнелер құпиясы» деректі фильмінің тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Көшпенділердің ежелгі өркениетіне арналған фильмнің режиссері Болат Омар. Фильмде авторлар Тәңір сөзінің түпкі мағынасына, шығу тегіне үңілген. Түсірілім Алматы облысында 5 жыл түсірілген.
«Фильм көптеген сұрақтарға жауап береді. Мысалы, неліктен қазақ және қырғыз оюларындағы өрнектер мен фондардың алаңы бірдей, көшпенділер мен ежелгі гректердің оюларын қандай идея біріктіреді, неліктен Орталық Азияның көшпенділері тұрмыста екі түсті арқанды пайдаланады, неліктен Ватикан кардиналдары мойнына екі түсті арқанжіп байлап жүреді, т.б.», - дейді Болат Омар. Оның айтуынша, Тәңір сөзі түркінің «Таң» және ежелгі Египеттің күн құдайының аты «Ра» сөздерінен құралған. «Таң – күншығыс, Ра – ежелгі Египеттің күн құдайы. Кейбіреулер Тәңір сөзі таң және ер сөздерінен құралған дегенді айтады», - дейді авторлар.
Фильм 7 бөлікке бөлінген, оның әрбірі 13 минут жалғасады. Картина Таңбалы тастағы бес жарым мың жыл бұрын тасқа қашап салынған суреттерден басталып, ежелгі өркениеттер туралы сыр шертеді. Авторлардың айтуынша, тәңіршілдік – бірқұдайлыққа сыйынатын алғашқы әлемдік дін әрі буддизм, христиан және ислам діндері бастауын содан алады.
www.inform.kz