» » » Тың туындылардың тұсауы кесілді

Тың туындылардың тұсауы кесілді


Қ.Қазантаев атындағы аудандық мәдениет үйінде «Тарихы терең, еңбегі ерең – Жалағаш», «Жалағаш көшелері» атты кітаптың және «Жалағаш жауһарлары» деп аталатын ауданның ән-жыр жинағының тұсауы кесілді.

Ауданның 80 жылдық мерейтойына орай жарыққа шыққан белгілі қаламгер, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Тұрақ Адисұлының «Тарихы терең, еңбегі ерен –Жалағаш» кітабында ауданның кешегі, бүгінгі тарихы қамтылып, аймақтың еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі тыныс-тіршілігі баяндалған. Ал қаламгер Сәбит Иманғалиевтің аудан көшелері жайлы тұңғыш рет жазылған кіта­бында көше аттарын иемденген тұлғалар бейне­ленген. Сондай-ақ бұл жинақта ауданның «Құрметті аза­маттары» жайында жазылған.
«Жалағаш жауһарлары» ауданның ән-жыр мұрасына осы өңірде туған тұлғалар мен өнерпаздар туралы радиохабарлар мен сұхбаттар, жергілікті ақындар мен сазгерлердің, есімі елге таныс жыршы-термешілердің, әнші­лердің шығармалары мен жыр-жинақтары енген. Салтанатты жиында аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев пен Қазақстанның Ең­бек сіңірген қайраткері, Қазақстан айтыс ақын­дары мен жыршы термешілердің халық­аралық одағының төрағасы Жүрсін Ерман бұл өлкетанымдық басылым жас ұр­пақты туған жерді сүюге, отаншылдыққа тәрбиелейтінін жеткізіп, көпшілік алдында тың туындылардың тұсауын кесті.

Н.АЛПЫСБАЙҰЛЫ

26 қазан 2019 ж. 733 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 069

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031