» » Үздіктер марапатталды

Үздіктер марапатталды

Қ.Қазантаев атындағы Жалағаш аудандық мәдениет үйінде медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты жиын өтті. Аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев денсаулық сақтау саласы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, ауданның медицина саласын дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты.
Салтанатты жиында ауданның үздік дәрігерлері құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен, сондай-ақ "Денсаулық сақтау ісінің үздігі" және "Медицина саласының даңқты қызметкері" төсбелгілерімен марапатталды.
Айта кету керек, қазіргі таңда  аудан халқына – аудандық  орталық  аурухана,  2 ауылдық аурухана, 1 аудандық емхана, 11 дәрігерлік амбулатория, 3 фельдшерлік - акушерлік бекет, 3 медициналық бекет медициналық қызмет көрсетеді. Өткен жылдың қыркүйек айынан бастап "Дипломмен  ауылға" бағдарламасы бойынша 6 жас маман  жұмыспен қамтылды. 2019 жылы жоғарғы оқу орнын бітіретін 8 дәрігерді жұмыс орнымен қамту жоспарлануда.
16 маусым 2019 ж. 986 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 648

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31